Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алмадан жасалған хош иісті бәліш

Алмадан жасалған хош иісті бәліш


Қамыры

 
Ұн - 160 г
Жұмыртқа – 1 дана
Сары май - 80 г
Алма – 3 дана
Даршын – ½ шай қасық
Қопсытқыш – ½ шай қасық
Қант - 150 г
Ұсақталған зімбір - ⅖ шай қасық
Сүт - 120 мл
 
1.Духовканы 180°С дейін қыздырыңыз. Ұнды, қантты, қопсытқышты, зімбір мен даршынды араластырыңыз. Сары майды қосыңыз. Массаны екі бөлікке бөліңіз.  
 
2.Бір бөлікке 2 ас қасық сүт қосып, илеңіз.
 
3.Екінші бөлікке сүтті құйып, жұмыртқаны қосып, жақсылап араластырыңыз.
 
4.Қамырды табаға салып, оған алманы тазалап салыңыз.
 
5.Үстінен сұйық қамырды құйып, 30-40 минутқа қойыңыз.
 
6.Бәлішті духовкадан алыңыз. Табада тұрған күйінде салқындатыңыз. Қант ұнтағын себіңіз.
 
Бәліш дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
 
Дереккөз: edimdoma.ru
19 қаңтар 2018 ж. 1 851 0