Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәуапты шыны ыдыста пiсiрiп көрдіңіз бе?

Кәуапты шыны ыдыста пiсiрiп көрдіңіз бе?


Ауа райы суыған сайын табиғат аясына шығып демалып, кәуап пiсiру де саябырсиды. Дегенмен, кәдiмгi үш литрлiк шыны ыдыста кәуап пiсiрiп, отбасылық демалыс үйде-ақ ұйымдастыра аласыз. Мұндай кәуап мангалда пiсiрiлгеннен әлдеқайда дәмдi болады.

Құрамы:

- 1 кг қой немесе тауық етi

- 250 грамм сүрсүбе (қақталған майлы қой немесе жылқы етi)

- 2-3 дана пияз

- 1 дана лимон

- 100 мл су

- қара бұрыш

- ас тұзы

- 1 ас қасық кориандр

- кәуапқа арналған дәмдеуiш

- жұқалтыр (фольга).

Дайындалуы

1. Еттi жуып, орташа көлемде бiрнеше бөлiкке бөлiп тураңыз.

2. Қалауыңызға қарай тұз, бұрыш, дәмдеуiш қосыңыз. Кәуапқа арналған дәмдеуiштi кез келген азық-түлiк дүкенiнен таба аласыз.

3. Лимонды сығып, сөлiн етке қосып араластырыңыз.

4. Пиязды дөңгелектеп турап, етке қосыңыз да үстiнен су құйыңыз. Мiне, ет маринадталуға дайын. Маринадталуы үшiн 30 минут ыдыстың аузын жауып қойыңыз.

5. Сүрсүбенi жұқалап тураңыз.

6. Кәуапқа арналған таяқшалар бүгiнде азық-түлiк дүкендерiнде сатылады. Таяқшаға ет, сүрсүбе, пияз, осындай реттiлiкпен қадап шығыңыз. Барлық таяқшаға қадап шыққаннан соң, артылған пиязды шыны ыдыстың түбiне салыңыз.

7. Әр ыдысқа ет қадалған 4-5 таяқшадан салу керек.

Шыны ыдыстың аузын жұқалтыр қағазбен жабыңыз. Ыдыстың сырты құрғақ болуы керек.

8. Салқын бұқпа пешке шыны ыдыстарды орналастырыңыз. Сосын пеш температурасын 180-200 градусқа қойыңыз.

9. 60-80 минутта кәуап дайын болады.

10. Кәуап таяқшаларын тарелкаларға салып, үстiнен ыдыс түбiндегi пияз бен еттен бөлiнген сұйық майды құйып, дастарханға апарыңыз.

Ескерту: Шыны ыдысты пештен суырып ала салмаңыз. Бұқпа пешті сөндiрген соң 5 минут сонда тұрғаны дұрыс. Пешті ашып, iшiне ауа кiргiзу үшiн тағы да 5 минут күтiңiз. Сырттағы бөлме температурасында ыстық шыны ыдыс сынып кетпес үшiн осылай еткен жөн.

Астарыңыз дәмді болсын!

http://ernur.kz/dastarkhan/kauapty-shyny-ydysta-pisirip-korgensiz-be
27 сәуір 2018 ж. 1 944 2

Гость JeaOrer от 23 ақпан 2019 08:12
Finasteride Where To Purchase Hydrochlorothiazide Real Tablet Comprare Levitra In Rete viagra Generique Cialis France Kamagra In Australia

Гость JeaOrer от 12 наурыз 2019 11:03
Acheter Levitra En Streaming cialis Super Cialis With Dapoxine