Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Үкімет жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесін әзірлеп жатыр

Үкімет жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесін әзірлеп жатыр

Үкімет неғұрлым ықшам әрі икемді болатын жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесін әзірлеп жатыр. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет неғұрлым ықшам әрі икемді болатын жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесін әзірлеп жатыр. Жаңа жүйе аясында бағдарламалық құжаттарды көптеп бекіту, артық нысаналы индикаторларды белгілеу практикасынан бас тарту ұсынылады. Бұл қадам мемлекеттік аппарат қызметіндегі жеделдікті арттыруға, жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге қарайламай, жұмысын нақты нәтижеге қол жеткізуге бағыттай отырып, меморгандардың бірінші басшыларының жауапкершілігі мен дербестігін күшейтуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында жыл сайын жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлейді. Ол Президент Жарлығымен бекітіледі. Жалпыұлттық жоспарда нақты іс-шаралар, аяқталу нысаны, орындау мерзімі мен жауапты орындаушылар қамтылған», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Оның атап өтуінше, Үкіметтің Іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу туралы нормалар 2007 жылғы конституциялық реформа аясында Қазақстан Республикасының Конституциясынан алынып тасталған.

«Осыған байланысты жалпыұлттық жоспар Мемлекет басшысының Жолдау аясында айтқан, сондай-ақ бюрократиядан арылту мақсатындағы тапсырмаларды қамтитынын ескере отырып, Үкіметтің жекелеген бағдарламасын әзірлеу орынсыз деп пайымдаймыз»,- деді Әлихан Смайылов.

Фото:ҚазАқпарат
06 қазан 2023 ж. 308 0