Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент жолдауы аясындағы мақсат-міндеттер талқыланды

Президент жолдауы аясындағы мақсат-міндеттер талқыланды

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру жайы талқыланды.

Үкімет отырысынан кейін Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау бойынша арнайы мәжіліс өтті.

Еске салсақ, күні кеше Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Онда Президент бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды. Өнеркәсіп негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатындай жағдайға жеткізу қажеттiгi айтылды. Сонымен қатар, еліміздің туристік әлеуетін пайдалану, кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуы тиіс екені атап өтілді. Ішкі нарықты қорғау үшін мемлекеттік сатып алу саласындағы жергілікті өнімдер мен қызметтердің үлесін кемінде 60 пайызға жеткізу міндеті қойылды.

Жолдау аясында орындалуы тиіс жұмыстар жан-жақты сарапталып, келесі аптадағы кеңейтілген мәжілісте талқыланады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
03 қыркүйек 2023 ж. 293 0