Жолдауда жүктелген тапсырмаларды орындау мәселесі талқыланды
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында жүктелген тапсырмаларды орындау мәселесі қаралып, Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды. Үкімет басшысы қойылған міндеттерге жеке-жеке тоқталып, ведомство басшылары мен өңір әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.
Жиынан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет басшысының тапсырмаларын орындау жөнінде мәжіліс өткізіп, Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының өңірде тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін Өңірлік іс-шаралар жоспарын қабылдау қажеттігін атап көрсетті.
«Президент өз Жолдауында экономика саласындағы реформалардың негізгі бағыттарын, яғни, макроэкономикалық саясатты қайта жаңғыртудың шараларын айқындады. Бүгінде өңір экономикасы қалыпты даму сатысында. Биылғы 7 айда облыстың экономикалық дамуында негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң тенденция бар. Инвестициялар тарту, құрылыс жұмыстары, оның ішінде пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, сауда көлемінің өсімі қамтамасыз етілді. Халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға қажетті инфрақұрылымдарды жаңғырту жұмыстарын кезең-кезеңімен атқарудамыз», – деді аймақ басшысы.
Мәжілісте өнеркәсіп секторын, оның ішінде өңдеу өнеркәсібін дамыту, егіс алқаптарын әртараптандыру, инфрақұрылым желілерін жаңғырту және нормативтік жағдайдағы жолдар үлесін 87 пайызға жеткізу, дарынды жастарды қолдау және креативті индустрияны дамыту бойынша тапсырмалар берілді. Ел Президенті кретивті индустрия орталықтарын құру барысында өңірлер назардан тыс қалғанын қаперге салды. Облыстық мәдениет және спорт басқармасы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесіп, бір апта ішінде Қызылорда қаласында креативті индустрия орталығын ашу бойынша ұсыныс енгізуі керек.
Мемлекет басшысы Жолдауда «бюджетті басқарудан» «нәтижені басқару» тәсіліне көшу арқылы жүйені реформалауды тапсырды. Сондықтан бағдарлама әкімшілеріне «нәтижеге бағытталған бюджет» шеңберінде үш жылдық орта мерзімді кезеңде бюджет қаржысын тиімді жоспарлау және игеру бойынша Жол картасын әзірлеу міндеті жүктелді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі