Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Газдандыру және ауыз су құбырларын жаңғырту жұмыстарымен танысты

Газдандыру және ауыз су құбырларын жаңғырту жұмыстарымен танысты

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Қалжан ахун ауылын газдандыруға байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көрді.

Биыл Қалжан ахун ауылын табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде ауылішілік газ құбырларын жүргізу жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі таңда Тереңөзек кенті мен Қалжан ахун ауылы арасындағы жоғары қысымды газ құбырлары жалғануда. Жол қиылыстарындағы газ құбырлары бұрғылау әдісімен асфальт жолдардың астымен өткізілуде. Бұл жұмыстарды "Ремстрой" ЖШС атқаруда.

Аудан басшысы мердігер мекеме өкілімен сөйлесіп, елді мекен тұрғындары табиғи газдың игілігін көруді асыға күтуде екенін атап өтті. Сондықтан жұмыстарды жылдам әрі сапалы аяқтауды ескертті.

Мұнан соң Берік Әбдіғаппарұлы Тереңөзек кентіндегі ауыз су құбырларын жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Тереңөзек кентіндегі көшелердің ауыз су құбырларын жаңғыртуға байланысты 2 жоба әзірленген. Биыл бірінші жобаның жұмыстары басталып, бүгінгі таңда А.Алиакбаров көшесінің ауыз су құбырлары жаңартылуда. Ал екінші жоба 2024 жылға өтпелі.

Тұрғындарға сапалы ауыз су беруде жобалардың маңыздылығын айтқан аудан басшысы мердігер мекеме "Жаңарту" ЖШС өкіліне жұмыстарды сапалы және мерзімінде атқаруды айтты. Тиісті салалық орынбасары мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
04 қазан 2023 ж. 306 0