Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Өндірістік бөлімше қызметкерлерімен кездесті

Өндірістік бөлімше қызметкерлерімен кездесті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев «Арал ОДСП» аудандық өндірістік бөлімшесінің ұжымымен кездесті. Кездесуде аудандағы ауыз су мен кәріз жүйесіне қатысты мәселелер талқыланды.

Кездесуде аудан басшысы халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Аудан 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Десе де ауыз су құбырлары ескіруде. Осыған байланысты демеушілік есебінен 6 жоба жасалып, биыл Тереңөзек, Шаған және Қоғалыкөл ауылдарының су құбырларын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Ал 2024 жылы Аманкелді елді мекеніндегі ауыз су құбырларын жаңғырту жоспарлануда. Жыл сайын осы бағыттағы жұмыстар атқарылады, — деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Кездесуде өндірістік бөлімше басшысы Марат Исмагулов сала жұмысында өзекті мәселелер бар екенін айтты. Атап айтқанда, ауыз су төлемі, су мұнараларының ескіруі және басқа да мәселелерге тоқталып өтті.

Аудан басшысы сала жұмысын жандандыру үшін бірлесе жұмыс жасалатынын жеткізді. Сондай-ақ, ұжым қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
04 қазан 2023 ж. 258 0