Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ауыл тұрғындарына отандық кино көрсетілді

Ауыл тұрғындарына отандық кино көрсетілді

Кеше Аманкелді ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен және «Жалын» еріктілер штабының ұйымдастыруымен №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицей ғимаратының алдында танымал «Джохан» отбасылық кинокомедиясының көрсетілімі мен ауыл жастарының «Караоке» арқылы ән айту шарасы ұйымдастырылды.

Аталған шараға ауыл әкімі Мейрамбек Нұрғалиев, аудандық мәслихат депутаты Зейнұр Жаманқұлов, «Жалын» еріктілер штабының төрағасы Бексұлтан Серікбаев және ауыл тұрғындары мен жастары көрермен болды.

Шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат - қазақстандық кинорежиссерлардың фильмдерін ауыл тұрғындарының назарына ұсына отырып, ауыл тұрғындары мен жастардың бойында отандық киноларға деген оң пікір қалыптастыру болып табылады.

Кинокомедия көрерменге ұнағанын аңғардық. Өйткені экранға жым-жырт байланып, кең тыныс алуынан үлкен толғаныста отырғанын байқадық. Өзіне ұнаған тұста көрермен қол соғып, ерекше ықыластарын танытып отырды. Караокемен ән айту кезеңінде де ауыл тұрғындары белсенділік танытып, ерекше серпіліп қалды.

Отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған кинокомедия көрермендерге күлуге де, ойлануға да, көңіл босатар сәттерге де еркіндік сыйлай білді.

Ауылдық әуез мектебі, №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейі, «Жалын» еріктілер штабының ұжымына арнайы алғыс білдіреміз.



Аманкелді ауылдық округі әкімдігі
21 тамыз 2022 ж. 357 0