Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аманкелді ауылының әкімі халық алдында есеп берді

Аманкелді ауылының әкімі халық алдында есеп берді

Кеше Аманкелді ауылдық мәдениет үйінде ауыл әкімі Мейрамбек Нұрғалиевтің халық алдында кезекті есеп беру жиыны өтті.

Есептік кездесуге Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұрлыбек Қордабаев және елді мекендегі мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Ауыл әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндай келе, 2023 жылы атқарылатын жұмыстармен таныстырды. Атап айтқанда:

– 2023 жылы Қызылорда-Аманкелді-Айдарлы бағытындағы қала мен ауыл арасындағы басты автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстары;

– Елді мекеннің электр желілері, электр бағаналары және трансформаторларды толығымен жаңғырту;

– Ауыз су мәселесі бойынша А.Ағайдаров, Ж.Құлымбетов және А.Жанкин көшелерінің су құбырларын алмастыру;

– Ауыл ішілік көшелерге күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары;

– Аяқ су мәселесінде ауыл ішілік «Хозцентр» каналын тазарту, қазу жұмыстары жүргізіледі.

Жиын барысында ауыл тұрғындары Т.Тышқанбаев көшесінің батыс өңіріне жол салу, көше жарығы, оқушылар тасымалы, аяқ су мәселесі, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ-ның теңгеріміндегі ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп ел игілігі үшін пайдаланылса деген ұсыныстарын айтты..

Ауыл ақсақалдары Мейрамбек Нұрғалиевтің атқарып жатқан жұмыстарына оң бағаларын беріп, елді мекеннің дамуы үшін бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдірді.

Қорытынды сөз алған аудан әкімінің орынбасары барлық ұсыныс-пікірлер жинақталып, көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін, осы бағытта жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Жиын соңында еңбек ардагері С.Абсатов ауыл әкімінің 2022 жылы атқарған жұмысына "Қанағаттанарлық" деп баға беріп, алдағы жұмыстарына СӘТТІЛІК тіледі.

Аманкелді ауылдық округі әкімдігі
19 қаңтар 2023 ж. 291 0