Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Цифрландыру ісіне басымдық берілуде

Цифрландыру ісіне басымдық берілуде

Апта ағымында аудандық архивте «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ашық есік күні өтті. Республика бойынша бір мезетте­ ұйымдастырылған іс-шараға мемлекет басшысы салалық министрліктің Архив істері және құжат­таманы басқару комитеті бастамашылық жасаған болатын. Соған сәйкес биыл еліміздегі барлық архивтерде 21 қыркүйек күні «Ашық есік күні» аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шараға Сырдария аграрлы-тех­никалық колледж­інің сту­денттері, өлке­танушы, «Сырдария ау­да­нының Құр­метті азаматы» Жәнібек Маханбет қатысты.

Алдымен архив басшысы Жәнібек Сейлов мекеме тарихымен таныс­тырды. Ел мұрасын сақтайтын архив тарихы 1988 жылдың 13 қаңтарынан бас­тау алады. Биыл құрылғанына 35 жыл толып отырған архивте 37 500 ар­хивтік құжаттар сақтаулы. Олар 138 қорға бөлінген.

– Жыл сайын біз аудандық архивке ауданға қарасты барлық мекемелердің құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдап отырамыз. Оның ішінде басқару құжаттары, жеке тектік және фотоқұжаттар бар. Мекеме жұмысының негіз­гі бағыты – Ұлттық архив қорын қалып­тас­тыру, оны тиісті құжаттармен то­лықтыру, ол құжаттардың сақта­лу­ын қамтамасыз ету және мемлекет мүд­десі үшін пайдалану болып табылады. Ел мұрасы болып табылатын­ архив мекемесі – құжаттарды сақтау­шы ғана емес, тарихи сананы қа­лып­тастырудың, патриоттық, рухани тәрбие берудің маңызды бір құралы. Өткен мен болашақты са­бақтастыру мақсатында аудандық архив филиалының қызметкерлері студенттер мен оқушылар арасында өлкетану сабақтарын, тарихи-деректі көрмелер мен экскурсиялар ұйымдастырып, түрлі жобаларды іске асыруда. Сонымен қатар ауданның дамуына өз үлестерін қосқан қоғам қайраткерлерінің құжаттарын мемле­кеттік сақтауға қабылдап жеке тектік қор құжаттарынан түрлі іс-шаралар өткізуде. Атап айтсақ, қор құжаттарынан баспасөз бетіне мақала жариялау, көрме ұйымдастыру, оқу­шыларға олардың өнегелі өмірле­рін баяндау мақ­сатында сабақтар, лекциялар өткі­зі­летінін айту керек. Сондай-ақ «Архив-2025» бағдарламасы аясында архив құжаттарының ха­лыққа қолжетімді болуы камтамасыз етілуде. Ол үшін бүгінгі күні аудандық архив қорындағы құжаттарды электронды цифрлық форматқа көші­ру жұмысы жүзеге асырылуда. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясын­да «Құжаттардың бірыңғай электр­ондық архиві» ақ­параттық жүйесі іске қосылып, құжат­тарды цифрландыру жұмыстары жүр­­гізілуде, – деді Жәнібек Әлиасқарұлы.

Дөңгелек үстел барысында архивист Гүлзат Мейрамбекова «Тұлғалар тарихы – архивте» атты экспозициялық көрмемен таныстырды. Студенттерге архивте сақталатын құжаттардың арнайы бөлмесіне экскурсия жасатып, қызықты мәліметтер ұсынды.

Өлкетанушы Ж.Маханбет аудан­дағы тарихи орын саналатын архив­тің атқарып отырған жұмысына, ұй­ым­­дастырылған іс-шараға алғысын білдірді. Тарихи құжаттар сақ­талатын алтын қазына архивтен өлке тарихына қатысты көптеген құ­жаттардың бар екенін және кез келген адам өзіне қажетті құжатты осы жерден табуына мүмкіндігі бар еке­нін айтты. Болашақта архив қыз­меткерлерімен тығыз байланыс орнатып, жеке қорындағы құжаттар мен қол­жазбаларды өткізуге болатынын жеткізді.

Бізді қызықтырған архив жұ­мы­­сындағы аудандық газеттің құ­жат­­тарының сақталуы туралы сау­алымызға архивист маман аудандық бас­пахана мен газеттің құжаттары сақ­таулы еке­нін айтты. Бас­пахана құжаттары 1979-1998 жылды қам­тиды. Ал газет құ­жат­тары 1968 жылдан басталса, газет тігінділерінің әр жыл­дардағы нө­мірі архив сөресінде сақ­таулы.

Ашық есік күні қорытындысында мекеме басшысы рухани мұра болып табылатын тарихи деректер мен құжаттарды сақтау және келешек­ ұрпаққа жеткізу архив саласы қыз­мет­керлерінің арқасында жүзеге асатынын және архивтің есігі барша қызығушылық танытқан адамдарға ашық екенін айтылды.


Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ
23 қыркүйек 2023 ж. 262 0