Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордада экология талабын бұзғандарға 14,8 млрд теңге айыппұл салынды

Қызылордада экология талабын бұзғандарға 14,8 млрд теңге айыппұл салынды

Қызылорда облыстық Экология департаментінің қызметкерлері биыл 10 айда 46 субъектіге тексеру жүргізіп, 100-ге тарта экологиялық заңбұзушылықты анықтады. KAZINFORM

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңбұзушылықтарға байланысты әкімшілік іс қозғалды. Жеке және заңды тұлғаларға 14,8 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 42,5 млн теңгесі өндірілді.

- Заңсыз карьерлерді анықтау, зерттеп-қарау, мониторинг жұмыстарын жүргізу, осы бағытта тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізіліп келеді. Аталған шара қорытындысымен кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің 15 дерегі анықталды. Құқық бұзушыларға барлығы 2 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, - делінген департамент хабарламасында.

Ал жақында табиғат қорғау прокуратурасының тапсырмасы бойынша Ақтөбе облыстық экология департаменті «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ы филиалының қызметіне тексеру жүргізген болатын.

Фото: Рүстем Айтхожин/Kazinform

03 қараша 2025 ж. 490 0