Медиация саласындағы жаңашылдықтар айтылды
Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы медиаторлар кеңесінің ұйымдастыруымен Сырдария аудан орталығында және Шаған ауылында кәсіби медиаторлар және мектеп психологтары, тұрғындарға арналған кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – аймағымыздағы медиация институттарының қызметін жетілдіру, оның тиімділігі, күш пен уақытты үнемдеу, шиеленістерді шешудің тиімділігін түсіндіру, отбасы, еңбек қатынастары және даулы мәселелердің алдын алу, сонымен қатар тұрғындарға құқықтық, әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру болып табылады.
Жиында сөз алған «Әділдік жолы» РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиал басшысы, облыстық ҚХА жанындағы Медиаторлар Кеңесінің төрағасы, тренер-медиатор Ләззат Бақтыбаева қазіргі таңдағы медиацияның жұмысымен таныстырып, тұрғындарға медиацияның мүмкіндігін түсіндіріп, қандай да бір даулы мәселелер туындаса құқықтық кеңес берілетіндігін, қоғамдық кездесулер өткізіп, әлеуметтік мәселелерін шешуге, медиация кезінде тараптар өкілдерінің арасында қалыпты қарым-қатынастарды сақтап, күш пен уақытты үнемдеу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары екенін, отбасылық соттағы өзгерістер мен медиация саласындағы жаңашылдықтарды атап өтті.
Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Шахизат Абдраманова Достық үйінде арнайы медиация кабинетінің жұмыс жасап жатқандығын, кеңес алу үшін медиация кабинетіне кез келген уақытта жүгінуге болатындығына ерекше тоқталып кетті. Сонымен бірге, құқықтық, әлеуметтік, еңбек мәселелері бойынша кеңес беріліп, медиацияның халық үшін маңыздылығы айтылды.
Кездесуге қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісінше жауап берілді.