Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жүйелі жұмыс – нақты нәтиже

Жүйелі жұмыс – нақты нәтиже

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы экономикалық жаңғыруға бағытталды. Жолдау халық көкейінде жүрген көп сұраққа жауап берді деп айтуға толықтай негіз бар.

Президентіміз кезекті Жолдауында ел экономикасын жаңғыртудың бірнеше жолын атап, тоқталып өтті. Оның ішінде еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру, туристік әлеуетін дұрыс пайдалану, отандық өнім өндірушілерге лайықты жағдай жасау, тау-кен, су ресурстарын тиімді пайдалану және басқару жүйесін біріздендіру, заманауи технология трансфертін жасау, ауылшаруашылығы саласын жандандыру, энергетикалық қауіпсіздік сияқты мәселелер айтылды.

«Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделеді» деген Мемлекет басшысы Үкімет алдына нақты тапсырмаларды қойды.

Нақтырақ айтсақ, Президент осы Жолдауда елдегі экономикалық, әлеуметтік дамудың таяу жылдардағы эволюциясын айқындап берді. Өйткені, халықтың тұрмыс сапасы, қолжетімді жағдайда өмір сүруі ел экономикасының деңгейімен тікелей байланысты. Әлемде орын алып жатқан ахуалға қарамастан ел экономикасы тұрақты түрде дамып келеді. Десек те, ұдайы алға жылжу, экономиканы тұрақты жандандыру – ел ертеңінің негізі болмақ.

Айта кетерлігі, биылғы Жолдауда айтылған мәселенің барлығы алдағы үш жылдың ішінде орындалатын болады. Ал аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім қосымша бекітілмек. Бұл туралы да Мемлекет басшысы нақты тапсырма беріп, сөзден гөрі іске аса мән беру керектігін атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өткен Жолдаудағы айтылған мәселелердің қаншалықты жүзеге асқанын, орындалғанын айтып, халық алдында есеп беруі де өткен жылы бірқатар жұмыстың орнықты атқарылғанын көрсетті. Бір жылдың ішінде жүзеге асып үлгерген жұмыстардың игілігін халық көріп келеді. Демек, ел Президентінің биылғы Жолдауында жүктелген міндеттердің басым көпшілігі келесі Жолдауға дейін орындалатынына сенім мол. Жолдаудан Жолдауға дейін халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар осылай кезең-кезеңімен атқарыла берсе игі.


Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
Сырдария аудандық
мәслихатының депутаты

06 қыркүйек 2023 ж. 312 0