Шығармашылық өкілдерімен кездесу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты қазақстандықтарға арнаған Жолдауында елдегі өзекті әрі маңызды мәселелер қамтылған. Онда жүктелген міндеттерді орындау, жұмыстарды үйлестіру және қоғам арасында насихаттау шаралары жалғасуда.
Осыған орай, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында А.Тоқмағамбетов елді мекенінде шығармашылық өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталып, шешімі табылатын көптеген мәселелердің реті қозғалды. Атап айтқанда, әйелдердің зейнеткерлік жасының төмендеуі, бала күтіміне арналған жәрдемақының ұзаруы, энергетика, ауылшаруашылығы саласы, жастарды қолдау, Ұлттық қор табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аудару, сондай-ақ шет елден әкелінген автокөліктерді заңдастыру да көптің көңілінен шықты.
Шығармашылық өкілдері ұжымы бұл бағдарлама Мемлекет басшысының бастамаларының халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға және еліміздің құқық қорғау саласын жетілдіруге бағытталып отырғандығын жеткізді. Жолдау еліміздің өркендеген мемлекетті қалыптастыру жолындағы одан әрі ілгерілеуінің стратегиялық бағытын белгілегенін, оған әрбір азамат өзінің лайықты үлесін қосуы керектігін атап өтті. Сонымен қатар, Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды іске асыру бағытындағы іс-шараларды атқаруға атсалысып, бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.