Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Орасан міндет жүктелді

Орасан міндет жүктелді

Тәуелсіз еліміздің даму тарихында тағы да маңызды құжат жарияланды. Бұл жолғы Жолдау тура бір жыл өткен соң 1 қыркүйек күні жарияланды. Ел Президенті Қ.Тоқаев жаңа Жолдау арқылы елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды жобалар одан әрі жалғасатынын жеткізді. Негізінен, жыл сайынғы тарихи құжат – Жолдаудың мазмұны алдыңғылармен сабақтасып, әрі байланысып жатқаны мемлекетімізді жаңғырту экономикалық дамуға ұласқанын көрсетеді.

Бұл жолғы Жолдауда Президент еліміздің алдағы уақыттағы әлеу­меттік-экономикалық даму үде­­­рі­сін айқындады. Бұл халық­тың Мемлекет басшысынан күткен заңды құбылысы. Себебі, ел-халықтың хал-ахуалы, тұрмыстық жағдайы ел экономикасымен тығыз байла­нысты. Президент «Түбегейлі өз­ге­ріс­­­­­тер дәуірі бас­талды» деп, дүниежүзіндегі дағдарысқа қа­ра­­­­­­мас­тан біздің мемлекетте тұрақ­тылықтың арқасында оң өзгеріс­­­­­­­­­­­­­терге қолжеткендігін атап өтті. Жалпы, Президент Жолдау­­да әрбір қазақс­тандықтардың көке­йіндегі сұрақтарға, барлық салада­ғы мәсе­­ле­лер­­ге талдау жасады. Елді алаң­­дат­­қан барлық мәселені шешуге экономикалық жағдайдың жет­кі­лік­ті екенін де тілге тиек етті. Себе­бі, халықтың жағдайын көтере­тін тұрақты жұмыс пен табыс, ал ол үшін біздің елде ресурс жеткілікті.

Президенттің тапсырмасымен аймақта, оның ішінде аудан­дар мен ауылдық округтерде жер­­гілік­ті әкімдік тұрақты жұмыс көзін ашу үшін өндіріс орындары мен кәсіпкерлік көкжиегін ке­ңей­­туді қолға алды. Өз кәсібін бас­тау­шыларға және бизнесті дамы­туға мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар қабылданды. Миллион­даған қаржы жеке кәсіпкерлерге берілуде. Сонымен қатар барлық кәсіпкерлік субъектілерге тексеру жүргізу мәселесі де шешілген. Сондықтан тұрғындардың дені мемлекеттік мекемелерден бөлек өзін өзі жұмыспен қамтуға ден қойды. Мемлекет басшысы бұдан әрі сапалы өнім шығарып, өзіміз­ді өзіміз толық қамтамасыз ету деңгейіне жетуіміз керек деді. Өйткені елімізде ауыл шаруашы­лығы, мұнай, газ, машина жасау т.б. саланың мүмкіншілігі мол. Жыл сайын сырттан инвес­тиция тарту арқылы елдің даму дең­гейі өскенімен, әлі де инвестиция жетіспейді. Қазір елдегі банк­тер тұтыну несиелерін молынан беріп, пайда көріп отырғаны анық. Ал бұл қаражат шын мәнінде айналым­ға түсіп, ел экономикасын ілгері­летуге жұмыс істеуі керек деп Президент нақты тапсырма берді.

Мемлекетіміздің одан әрі дамытуда көлік инфра­құ­ры­лымының маңызы зор. Еліміз арқылы маңызды жол торап­­­­тары өтеді. Сондықтан осы саланы қайта жандандыру жаңадан құрылатын министрліктің алдына қойылған бас­­­ты міндеті. Бұл бір жағынан халықтың тұрмыс сапасын жақ­­­сарт­са, күрежолдың бойынан өтетін тауар тасымалы та­­­быс­ты аттыратыны сөзсіз. Көлік министрлігімен қатар Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатыны Жол­­дауда айтылды. Бұл министрлік өз кезегінде су тап­шы­лығына байланысты барлық мәселені шешетін болады.

Президент үнемі айтатын үнемшілдік, ысырапшылдық­қа жол бермеу мәселесін тағы да қозғады. Шын мәнінде, әрбір азамат өз отбасында осы бір жақсы қасиетті ұстан­са, одан ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Яғни, үнемдеу – табысты өмір сүрудің кепілі.

Мемлекет басшысы ел-жұртты алаңдатқан мәселенің барлығын білетінін және мемлекет тарапынан қажетті көмектің болатынын үнемі айтып келеді. Бір ғана қарапайым мысал, елді қажытқан несие мәселесі, оны төлеуге қабілеті жоқ отбасыларға көмек берудің тетігі табылғаны және өткен жылы оның игілігін көптеген отбасылар көргенін айту керек. Осындай жағдайдан шығу үшін тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға байланысты тапсырма берді. Оны «Amanat» партиясы сайлауалды бағдарламасына да енгізіп, қолға алынған жоба нәтижесін бере бастады. Яғни, елімізде осы күні 20 мыңнан астам азамат қаржылық оқудан өткен.

Жолдауда еліміздің болашағын алаңдатқан ауқымды мәселенің бірі – атом станциясын салу мәселесі айтылды. Бұл – күрделі мәселеге жан-жақты келген Президент оның шешімін референдум өткізу арқылы түйінделетінін айтты. Халық нақты сұраққа жауап беру арқылы, мәселе шешілетін болады. Бұл да әрбір азаматтың құқығы қорғалып, пікірі ескеріледі деген сөз.

Жолдауды мұқият тыңдап, кейін әрбір жолын басылым арқылы оқып шығып, негізгі ойды түйіндедік. Жолдауда айтылған әрбір тапсырманың артында елдің дамуы мен адам тағдыры тұрғаны анық, сондықтан жүйелілік нақты нәтижеге қол жеткізеді. Айналамыздағы табиғи байлықты тиімді пайдалану арқылы халықтың жағдайы жақсарады. Мемлекетіміздің өсуі қоғамның әрбір мүшесіне байланысты. Әсіресе, жастардың сапалы білім алуы, мұғалімдердің білім деңгейін үнемі арттыру болашаққа негіз болады.

«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы халық қалаулыларына, Үкімет мүшелеріне жүктелген міндет. Жауапты қызметті адал атқару азаматтық борыш. Тұрғындардың талап тілегін, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оны тиісті деңгейде шешуге атсалысу халықтың тұрмыс сапасын арттырады. Президент жаңа Жолдауда үш жылда жүзеге асатын міндеттерді көрсетті. Ұзақ мерзімді жобалардың жүзеге асуы екіұдай, деді.

Жалпы, салықтық әкімшілендіру, энергетика, тариф, газбен қамтамасыз ету, су ресурстары, көлік-логистика, цифрландыру, креативті индустрия секілді маңызды мәселелер айтылды. Президент: «Еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек. Жаңа экономикалық саясаттың қағидалары мен басымдықтарын нақты айқындаумен қатар, алдағы реформаларды сапалы әрі толық жүзеге асыру өте маңызды. Оның табыс­ты болуы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігіне, жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей байланысты» деді.

Жолдауда айтылғандай, бүкіл экономикалық жүйені шұғыл түрде түбегейлі қайта қарап, өзгерту арқылы елімізді өркендетеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз. Бір сөзбен айтқанда, экономикалық өсімнің игілігін әрбір азамат көруі керек. Бастысы болашақта қандай ел болатынымызды нақты белгілі. Ол – Әділетті Қазақстанды құру. Ең бастысы, Президент айтқандай – қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек.

Бибісара ЖАНӘЛІ
Фото: ашық дереккөден
05 қыркүйек 2023 ж. 362 0