Президент Жолдауы: Жаңа Қазақстан құрудағы нақты қадам

Бүгінгі Жолдау- халықтың ойынан шыққан жолдау болды. Олай дейтінім, облыс атауларының қазақи рең берілуі.
Семей аймағы Абай облысы, Жезқазған шекарасы Ұлытау облысы деп аталды. Ал Алматыда Жетісу облысы құрылды. Облыс атауларының бұл өзгеруі - рух беретіні сөзсіз.
Бүгінгідей күрмеуі қиын күрделі кезеңде батыл қадамдар жасай білген басшысының бейнесінен ашықтық, кесімді шешім қабылдаушылық секілді қырлары іспен астасқанын көрдім. Әсіресе, маған:«Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек»,-деген сөздері үлкен серпін берді. Осындай ісіміз бен әрекетімізде нақты жетістіктерге жетелейтін, оң өзгерістердің қарымды қадамын жасау қажет деген ой түйдім.
Е.Әжікенов,
Сырдария аудандық мәслихатының хатшысы