Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдіктің негізі, егемендіктің нышаны

Елдіктің негізі, егемендіктің нышаны

30 тамыз – Конституция күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтіп, оған аудан әкімі Б.Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов қатысты. Іс-шара сахна төріне Мемлекеттік Тудың енгізілуімен және Гимнің шырқалуымен басталды.

Аудан әкімі жиналғандарды Конституция күнімен құт­тықтап, Ата Заң – елдіктің негізі, егемендіктің нышаны екенін айтып өтті.

– Ата Заңымыз ширек ғасырда құқықтық жүйенің өзе­гіне айналып, тәуелсіз мемлекеттің қарқынды дамуын қамтамасыз етті. Заңның үстемдік құруының арқа­сында барлық салада ілгерілеу қалыптасып, нарықтық экономиканың дамуында ерекше серпін пайда болды. Сон­дықтан еліміздегі әрбір адамның құқығын қор­ғау – Конституцияның негізгі қағидаты болып қала береді.

Біз Тәуелсіз ел ретінде ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегендеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын іс­те­ріміздің қайнар бастауына айналды. Конституция еліміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары бола білді. Мерейлі мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, бейбіт өмір, Отанымыз – тәуелсіз Қазақстанды өркен­дету жолындағы еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін! – деді аудан әкімі.

Мұнан соң заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында еселі еңбек етіп жүрген сала үздіктері мара­патталды. Олардың қатарында прокуратура, сот, құқық қорғау органдарының, сондай-ақ мемлекеттік қыз­мет саласы мен БАҚ өкілдері бар.

Мерекеге орай аудан өнерпаздары патриоттық ән­дер айтып, көпшілікке ерекше рух сыйлады.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
30 тамыз 2023 ж. 219 0