Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Сырдария ауданында Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті

Сырдария ауданында Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті

Конституция күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Айбары асқақ - Ата заң» атты мерекелік салтанатты шара өтті.

Салтанатты шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев сырдариялықтарды құттықтап, мерекелік лебізін білдірді.

-Тәуелсіздік – халқымыз үшін ең қастерлі де, қасиетті ұғым болса, сол ұғымның түпкі негізі – мемлекеттің біртұтастығына тікелей байланысты. Ал, Конституция – мемлекеттің іргетасын бекітумен қатар әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуының басты бағдары. Тәуелсіздік – халқымыз үшін ең қастерлі де, қасиетті ұғым болса, сол ұғымның түпкі негізі – мемлекеттің біртұтастығына тікелей байланысты. Ал, Конституция – мемлекеттің іргетасын бекітумен қатар әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуының басты бағдары.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ірі саяси реформалардың қорытындысында «Ата заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз» деген болатын. Жаңа Қазақстан құрудағы бұл бастаманы жүзеге асыру – бәрімізге ортақ міндет- деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.

Мұнан соң аудан әкімі ауданымыздың өсіп-өркендеуіне лайықты үлесін қосып жүрген бірқатар сырдариялықтарды Алғыс хаттармен марапаттады.

Мерекелік шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
28 тамыз 2022 ж. 638 0