Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын көрді
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев ауданға қарасты Н.Ілиясов, Шіркейлі және Қоғалыкөл ауылындағы мектептерге барып, жаңа оқу жылына дайындық барысын көрді.
Елді мекендердегі №44, 129, 132 орта мектеп қызметкерлері ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 2023-2024 оқу жылына дайындық жүргізуде.
Аудан басшысы білім ошақтарындағы шағын орталықтарды, асхана, спортзал, кабинеттерді аралап, мектептерде жаңа оқу жылында оқушыларды қабылдауда еш кедергі болмау керектігін атады. Әсіресе, балалар қауіпсізді ұдайы назарда болуын мектеп директорларының назарына салды. Сонымен қатар, жылу қазандықтарын көріп, бұған қатысты да мәселе туындамау керектігін ескертті.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі