Жаңа оқу жылына дайындық

Аудан әкімі М. Ергешбаев облыс әкімінің орынбасарына жаңа оқу жылана дайындықпен қатар, проблемалық мәселелермен таныстырды.
Алдағы жаңа 2022-2023 оку жылында аудандағы барлық 17 мектепте 8441 оқушы білім алады деп жоспарлануда, оның ішінде 1 сыныпқа 773 оқушы қабылданды. Бүгінгі күнге барлық мектептегі жәй жөндеу жұмыстары толық аяқталып, сыртқы аулаларының шөптері шабылып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Амангелді ауылындағы №42 мектептің жылу қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатта 12.8 млн.тг қаржы бөлінді. Жалпы жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының барысы аудан әкімдігі мен білім бөлімінің тікелей бақылауына алынған.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі