Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы!

Аудан әкімінің құттықтауы!

Құрметті аудан жастары!

Сіздерді Халықаралық жастар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Дана халқымыз «Жас келсе, іске» деп бекер айтпаған. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел дамуында Сіздердің алатын орындарыңыз бөлек.

Мемлекет басшысы «Еңбекқор адам, кәсіби маман – ең сыйлы адам болуы тиіс» деп атап көрсетті. Осы тұрғыда, аудан жастарының белсенділігі жоғары. Сырдариялық жастар барлық бас­тамалардың басында жүр. Олар кәсіпке бейімделіп, еңбек етуден еш жалықпауда.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін егін егу жұмысын ұйымдастыру тапсырмасына сәйкес, бүгінде ауданға қарасты 6 ауылда 200-ге жуық жас жастар бригадаларында егін егу жұмыстарымен айналысуда. Олар 60 гектар жерге бақша дақылдарын екті. Бұл жастардың ерінбей еңбек етудегі белсенділігін көрсетеді.

Ауданда жастарға үнемі қолдау көрсетіледі. Соның нәтижесінде, демеушілік есебінен аудандық жас­тар ресурстық орталығының базасын жабдықтау мен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жастарды әлеуметтендіру мақсатында ауданда республикалық «Тұлға бол» жылжымалы жәрмеңкесі мен мүмкіндіктер керуені ұйымдастырылып, 2 мыңға жуық жастар мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы толыққанды мәліметтер алды.

Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! Ел дамуы жолындағы еңбектеріңіз табысты болсын!


Құрметпен, Берік СӘРМЕНБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
Фото: ашық дереккөзден
12 тамыз 2023 ж. 351 0