Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№60 газет

11 тамыз 2026 ж.

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Еңбекқор адам, кәсіби маман - ең сыйлы адам

Еңбекқор адам, кәсіби маман - ең сыйлы адам

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылдарындағы бақша дақылдарын егу жұмыстарымен танысты.

"Айдарлы" жастар бригадасындағы 15 жұмыссыз жас 15 гектар жерге, "Жетікөл жастары" жастар бригадасындағы 7 жұмыссыз жас 2 гектар жерге, «Аманкелді» жастар бригадасындағы 13 жұмыссыз жас 5 гектар дайындалған жерге картоп, қауын, қарбыз, асқабақ өнімдерін орналастыруда.

Жастардың ынтасы мен жігерін көрген аудан басшысы Берік Әбдіғаппарұлы: - Еңбек етемін деген азаматтарға мемлекеттен қолдау өте көп. Биыл «Ауыл аманаты», қайтарымсыз гранттар, агро несие секілді жобалар қарқынды жүзеге асырылуда. Жастар қазір бірлесіп жұмыс жасаудың тиімділігін көріп отыр. Осы бірлікті ары қарай кооперативтер құрып, ары қарай кәсіпті дамытуға жұмыс жасауды ұсынамын. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен аяқ су мәселесін шешу бағытында каналдар тазаланып, арнайы су насостары берілді,-деді.

Айта кету керек, аудан бойынша Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Шіркейлі, А.Тоқмағанбетов ауылдарынан жастар бригадалары құрылып, қазіргі таңда 150 жас 40 гектар жерге егін егуде.


Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы
31 мамыр 2023 ж. 837 0