Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ЖАСӨСПІРІМДЕР БОЗ КІЛЕМДЕ БЕЛДЕСТІ

ЖАСӨСПІРІМДЕР БОЗ КІЛЕМДЕ БЕЛДЕСТІ


Спортқа ерекше ден қойылған Нағи Ілиясов ауылында жыл сайын «Абзал және К» ТС жүлдесі үшін дзюдодан турнир өткізіліп келеді. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тауып, жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық ашық турнир ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен жас спортшылар келді.
Турнирдің ашылуына ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шы­нықтыру орталығының» бас директоры С.Мұстафаев, «Абзал және К» ТС-нің бас директоры М.Ералиев және тағы басқа құрметті меймандар, ауыл әкімі С.Нұрмағанбетов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қатарынан 8-ші жылы өткен жарысқа республикадан 34 команда, 400-ге жуық дзюдошы қатысып, 17 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Атап айтқанда, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан дзюдошылар боз кілемге шығып белдесті. Олар өз салмақтарында кіл мықтыдан кім мықтыны анықтап, жақсы дайындықпен келгендер жеңіс тұғырынан көрінді.
Жасөспірімдер арасындағы ұлдар мен қыздар арасындағы ашық турнир үш күнге созылды. Нәти­жесінде, қарсылас шақ келтірмеген жас дзюдошылар жеңімпаз атанды. Олардың ішінде, бар­лық белдесуін жеңіспен аяқтаған сырбойылық жасөспірімдер облыс, аудан намысын қорғады. Атап айтар болсақ, Н.Ілиясов ауылынан қатысқан Назерке Қуанышбекова 44 келі салмақта І орынды, Әлия Тәуекелова ІІ орынды жеңіп алды. Өзге де жерлестеріміз «Абзал және К» жүлдесінен құр қалған жоқ.


Е.БЕРКІНБАЕВ
24 сәуір 2018 ж. 1 236 0