Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аманкелдіде волейболдан үздіктер анықталды

Аманкелдіде волейболдан үздіктер анықталды

Жақында №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицей ұжымының ұйымдастыруымен айтыскер ақын, жырау Қуаныш Баймағанбетовтың туғанына 125 жыл толуына орай ұстаздар мен оқушылар арасында карантин талаптарын сақтай отырып, мектепішілік волейбол ойынынан турнир өткізілген болатын.

Аталмыш тоспадоп додасында Аманкелді ауылдық округінің әкімі М.Нұрғалиев сөз сөйлеп, айтыскер ақын, жырау Қуаныш Баймағанбетовтың қысқаша өміріне тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Мектеп-лицейден жасақталған командалар өзара бақ сынасты.

Жарыс қорытындысында I орынды "Қайсар" командасы, II орынды "Достық" командасы, III орынды "Оқушылар" командасы иеленді.

Жарысқа қатусышылар арасында "Үздік" ойыншы номинациясымен Т.Жанахметов, З.Жаманкулов, М.Пазылов, М.Шәпи үздік атанды. Осыған қосымша өз өнерлерімен ерекше көзге түскен "Сұңқар" командасы "Белсенді" команда атанды. Барлық командалар арнайы диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Халық ақыны, жырау, айтыскер ақынның құрметіне ұйымдастырылған бұл турнирде белсенділік танытқандардың баршасына ауыл әкімі, мектеп-лицей директоры ризашылығын білдіріп, шараға демеушілік жасаған Қуаныш Баймағанбетов атамыздың ұрпақтарына да алғыс айтты.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
18 желтоқсан 2020 ж. 588 0