Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аманкелді ауылының құрылғанына 95 жыл толуына орай волейболдан турнир бастау алды

Аманкелді ауылының құрылғанына 95 жыл толуына орай волейболдан турнир бастау алды

Аманкелді ауылдық әкімдігінің қолдауымен және мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Аманкелді ауылының құрылғанына 95 жыл толуына орай ауыл азаматтары арасында волейболдан ашық турнир салтанатты түрде бастау алды.

Спорттық ойынға АРДАГЕРЛЕР құрамасы, 1980, 1983, 1984, 1987, 1990, 1991, 1992, 1993, 1995, 1999, 2001, 2004, 2006 жылғы азаматтардан 14 команда қатысып өз бақтарын сынауда.

Мәдениет саласының ардагері Оразов Жұмағазы Қайыпұлы және 42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейінің директоры Жаманқұлов Зейнұр Қайраддинұлы жарыстың басталуымен құттықтап, командаларға жеңіс тұғырына көрінулеріне сәттілік тіледі.

Спорттық шараның негізгі мақсаты: ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын сақтау.

Айта кетейік, аталған ашық біріншілік әр аптаның сенбі күні жалғасын тауып, 35 ойыннан тұрады. Топ жарған командалар Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік шарада марапат төрінен көрінеді.

Аманкелді а/о әкімдігі
26 ақпан 2023 ж. 282 0