Даму жоспарын орындау барысы қаралды
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 2023 жылдың 6 айының қорытындысына арналған мәжіліс өтті. Онда Қызылорда облысының даму жоспарындағы көрсеткіштердің орындалуы, шағын және орта бизнестің дамуы бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өңірлік деңгейдегі негізгі стратегиялық құжаты - "2021-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму жоспары". Аймақ басшысы жоспарда көзделген нысаналы индикаторлардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етіп, тиімділігін арттыру керектігін атап өтті.
«Биыл 120 нысаналы индикатордың орындалуы көзделген. Жыл соңына дейін 22 көрсеткіштің жоспарлы мәніне қол жеткізілмеуі мүмкін. Өздеріңізге мәлім, барлық облыстық басқарма басшыларына, аудан, қала әкімдеріне даму жоспарының нысаналы индикаторларының орындалуын қатаң бақылау тапсырылды. Дегенмен бірқатар нысаналы индикаторлардың жыл соңына дейін орындалмау қаупі бар», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі