Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мерейтоймен құттықтады

Мерейтоймен құттықтады

Кеше аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ау­дан­дық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаевты қабылдап, 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Мерекелік қа­был­дауға аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов және еңбек ардагерлері қатысты.

Іс-шарада аудан басшысы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаевтың ауданның өсіп-өркендеуіне қосып жүрген үлесін атап өтті.

– Сіз саналы ғұмырыңызда ауданның дамуына елеулі үлес қосып, бар білім мен біліктілігіңізді, күш-жігеріңізді туған жеріңіздің гүлденуіне арнап келесіз. Еңбекке ерте араластыңыз, ауданның өсіп-өркендеуінде елеулі қызметіңіз бар. Одан бөлек аудан ардагерлерінің жұмысын үйлестіру жұмысында, қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытып, алдымызда ақылшы аға болып жүрсіз. Осы жасқа Сіз үлкен абыроймен, беделмен келдіңіз. Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, Өзіңізге және отбасыңызға денсаулық, бақыт пен табыс тілеймін, – деген аудан әкімі арнайы құттықтау табыс етіп, сый-құрмет жасады.

Ардақты ардагер Мұса Алпысбайұлы – осы өңірдің тумасы. Ол кісі еңбекке ерте араласып, әр жылдарда жауапты қызметтерді атқарған. «Сырдария» аудандық газетінде корректор, аудандық астық қабылдау пунктінде лаборант, су пайдалану инженері, ау­дандық ауыл шаруашылығы басқармасында аға инженер-жерге орналастырушы, аудандық жер қатынастары және жерге орналас­тыру комитетінің төрағасы, аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы, облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің Сырдария аудандық филиалының бастығы, аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы қызметтерін абыроймен атқарған. Бүгінде қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүріп, медиатор, аудандық билер кеңесінің төр­ағасы, «Иман-2013» қоғамдық қорының төрағасы қызметтерін қоса атқаруда.

Кездесу барасында аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов пен «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жанәлиева жылы лебіздерін білдірді. Өз кезегінде М.Келдібаев құрмет көрсеткен аудан әкіміне ризашылығын жеткізді.

Е.ЖАППАРБЕК
11 қазан 2022 ж. 366 0