Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік саладағы мәселелер талқыланды

Әлеуметтік саладағы мәселелер талқыланды

Кеше аудан әкімі Берік Сәрменбаев әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында аудан көлеміндегі әлеуметтік саладағы мәселелер талқыланып, елімізде жаңадан қабылданған Әлеуметтік Кодекстің ерекшеліктері туралы сөз қозғалды.

Сонымен қатар аудан басшысы Берік Әбдіғаппарұлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, жаңадан құрылған «Мансап» орталығында көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің жай-күйімен танысты.

Жалпы елімізде жаңадан Әлеуметтік кодекс қабылданып, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді.

Осы Кодекс арқылы 16 заң және 100-ден астам заңға тәуелді акті жүйелендірілді.

Кодекске сәйкес 2023 жылдың 1 шілдеден бастап жұмыспен қамту орталықтары таратылып, орнына «Мансап» орталықтары ашылды. Жұмыспен қамту орталығының барлық функциялары аталған «Мансап» орталығына берілді.

Жаңадан құрылған «Мансап» орталығы мемлекеттік гранттар (400 АЕК), ұрпақтар келісім шарты, алғашқы жұмыс орны, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы жұмыс орындары, қолайлы бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, кәсіптік оқыту, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, микрокредит беру бойынша консультациялар, атаулы әлеуметтік көмек жобаларын жүзеге асыратын болады.
19 шілде 2023 ж. 425 0