Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аппараттық мәжіліс өтті

Аппараттық мәжіліс өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті.

Күн тәртібінде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жұмыстары мен жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттарды беру туралы мәселелер талқыланды.

Алдымен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Мақсұт Қаратаевтың бөлімнің 2023 жылғы 5 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды.

2023 жылға жоспар бойынша 2142 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған. 2023 жылғы 01 маусымға 1093 жаңа жұмыс орындары ашылды немесе жалпы жоспардың орындалуы 51,0% құрап отыр.
Жастарға арналған 2,5 пайыздық кредит беру жөніндегі облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен құрылған комиссиядан 2023 жылғы 16 маусымға аудан бойынша 32 азамат оң қорытынды алды.

Сонымен қатар мәжілісте аудан көлеміндегі жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды беру жөнінде аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Еркебұлан Дәулетбекұлы хабарлап өтті. Орталық директорының айтуынша 2023 жылға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беруге 144 адамға 198 720,0 мың теңге қаржы жоспарланды. Өткен жылмен салыстырғанда 156 адамға аз, себебі биылғы жылы қағидадан жастар санаты алынып тасталды. 2022 жылы еңбек министрлігінің өзгерістеріне сәйкес, «Бастау бизнес» курсын оқыту enbek.kz порталы арқылы онлайн форматқа көшті. Қазіргі таңда «Бастау бизнес» курсын оқыту шектелмегендіктен статустары сәйкес келетін кез келген адам оқып сертификат алуда.

Ағымдағы жылдың наурыз айында өткен 1-ші лек бойынша 222 адам өтініш беріп 36 адам грант алған, маусым айында өткен 2-ші лек бойынша 189 адам өтініш беріп 36 адам грант иегері атанып, барлығы 2 лек бойынша 72 адамға 99 360,0 мың теңге грант қаражаты төленді. Грант қаражаты осал топтарға ғана беріледі, оң шешімін алған 72 адамның; 43-көп балалы отбасылар, 15-мүмкіндігі шектеулі жандар, 6-мүгедек баланы тәрбилеушілер, 4-қамқоршысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушылар, 4-атаулы әлеуметтік көмек алушылар екені айтылды.

Жиын соңында аудан әкімі сала басшыларына атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы жүргізілуін және мерзімінде аяқталуын тапсырды.


30 маусым 2023 ж. 199 0