Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Әлеуметтік кодекстегі жаңашылдық: Мансап орталықтары немен айналысады

Әлеуметтік кодекстегі жаңашылдық: Мансап орталықтары немен айналысады

1 шілдеде ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енді. Онда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мақсатында Қазақстандағы Халықты жұмыспен қамту орталықтары Еңбек мобильділігі орталықтарына айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласының Еңбек мобильділігі орталығы өз қызметін қала аудандарының (Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра, Сарыарқа) Мансап орталықтары арқылы жүзеге асыратын болады.

«Мансап орталықтары қала аудандарында жұмыссыз адамға қызметтердің неғұрлым толық спектрын ұсынатын болады. Бұл тұтастай алғанда кешенді және тиімді тәсіл болып табылады», - деп түсіндірді Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығының директоры Олжас Омар.

«Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Мансап орталықтары көрсететін қызметтер:

АЗАМАТТАР ҮШІН

- Мемлекеттік гранттар (400 АЕК);

- «Ұрпақтар келісімшарты», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары;

- Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы жұмыс орындары;

- Қолайлы бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

- Кәсіптік оқыту, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау;

- Әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар;

- Жастар практикасы;

- Микрокредит беру бойынша консультациялар;

- Атаулы әлеуметтік көмек.

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҮШІН

- Жұмыс берушілер үшін кадрларды іріктеу;

- Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқыту;

- Жұмыс орындарын құруды субсидиялау.
02 шілде 2023 ж. 268 0