Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Климатқа қол сұғу: жауын жаудыратын технология қолданыла бастайды

Климатқа қол сұғу: жауын жаудыратын технология қолданыла бастайды


Қытай ғалымдары Тибет таулы қыратында жылына 10 млрд текше мертрге дейін жауын-шашын мөлшерін арттыруды көздеп отыр. Осы заманғы технологиялық жетістіктің көмегімен.
Тарқатып айтқанда, осы мақсатта аталған аймақта қолға алынып жатқан "Тяньхэ" (ағылшынша: Sky River) жобасы аясында атмосфераға жауын шақыратын, дұрысы, жауынды қалыптастыратын реагент болып табылатын күміс иодидасының – қоспасының бөлшектерін жіберетін он мыңдаған камера орнатпақ. Бұл жасанды жолмен жауын жаудыру бойынға әлемдегі тұңғыш эсперимент болайын деп тұр.
Бұл жайында Science Alert ақпарат көзі хабар таратты.
Зерттеушілер 1,6 млн шаршы шақырымға жаңбыр жаударатындарына үміттеніп отыр.
Яғни, жауын-шашын түрінде түскен судың жылдық мөлшері Қытайда жылына тұтынатын ауызсу мөлшерінің жеті пайызына тең келмек.
Жауын шақыратын жүйені алдын ала сынап көру үшін Тибетте, Синьцзянда және өзге де бірқатар өңірлерде 500-ге тарта камера орнатты. Аталмыш жүйе атмосфераға бұлттардың кезеңдік жағдайын өзгертуге арналған арнайы реагент жіберілгенде бұлттарды жинауға арналған.
Су буының жоғары шоғырлануына байланысты ауа массасында криталдану орталығы пайда болады. Бұл өз кезегінде жаңбырдың жаууына ықпал етпек. Күміс иодиді өзінің кристалдық құрылымымен мұзды көз алдыңызға әкеледі: бұл заттың аз мөлшерінің өзі судың тамшылауын тудыра алады.

Дереккөзі: islam.kz
04 мамыр 2018 ж. 885 0