Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№83 газет

03 қараша 2026 ж.

№82 газет

29 қазан 2026 ж.

№81 газет

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Түсіндірме жұмыстарын жүргізілді

Түсіндірме жұмыстарын жүргізілді

Сырдария аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелері Тереңөзек кенті әкімдігімен бірлесіп ауданның негізгі көшелерінде төрт түлік малдың бей-берекет жүруін болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жұмыстарын жүргізуге аудандық полиция бөлімінің өкілдері де қатысты.

Іс-шара аясында мал иелеріне ауданның негізгі көшелерінде, қоғамдық орындарда жүрген малдарға санитарлық тазалыққа кері әсерін тигізгені үшін салынатын айыппұлдар туралы ақпарат берілді.

Кеңес төрағасы М.Еспенбетов, Кеңес мүшелері М.Келдібаев, С.Сәдуақасов, Ш.Нұрсейітов, Ж.Ембергенов аудан орталығын таза ұстау ортақ міндет екенін айтса, Тереңөзек кентінің әкімі Е.Бахтияров малды өріске айдап, өрістен күтіп алуды, сондай-ақ пада ұйымдастыруды жолға қой керектігін жеткізді.

Сырдария аудандық Қоғамдық кеңесі осындай іс-шараларды алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастыратын болады.
16 шілде 2023 ж. 390 0