Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды

Түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды


Jas Otan Жастар Қанатының Сырдария аудандық бөлімшесі мен аудандық полиция бөлімі бірлесе мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жыныстық қолсұғушылыққа жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпараттық-насихаттық іс-шара аудан орталығындағы білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Тереңөзек кентіндегі қоғамдық орындарда ұйымдастырылды.

№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде карантин талаптарына сәйкес өткізілген шарада ұстаздар мен ата-аналарға мектеп оқушыларына байланысты жыныстық қолсұғушылық пен зорлау оқиғалары бойынша заңда арнайы жауапкершілік көзделгені жөнінде мәлімет берілді.

№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінде құқық қорғау органдарының өкілдері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратылды.

Мұнан бөлек кенттің негізгі көшелерінде және орталық алаңда мектеп оқушыларына түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 

20 тамыз 2020 ж. 568 0