Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық кеңес мүшелері мониторинг жұмыстарын жүргізді

Қоғамдық кеңес мүшелері мониторинг жұмыстарын жүргізді

Бүгін Сырдария аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелері аудан орталығындағы мемлекеттік балабақшалардың жұмысына мониторинг жүргізді.

Мониторингқа Кеңес төрағасы М.Еспенбетов, Кеңес мүшелері С.Сәдуақасов, Ж.Нарымбетов, Қ.Сүлейменов, А.Ибрагимұлы және кеңес хатшысы Ж.Әбубәкіров қатысты.

Кеңес мүшелері ең алдымен А.Әлиакбаров көшесіндегі №2 «Балдәурен» бөбекжай балабақшасын аралап көрді. Балабақша ұжымымен кездесіп, ғимарат ішіндегі топтармен танысты. Балабақша ауласына жаңадан ойын алаңын салу қажеттілігі жөнінде ұсыныстар айтылды. Бұл бағытта бюджеттік өітінім әзірленген екен. Қаржы бөлу жұмыстары Қоғамдық кеңес құрамындағы депутаттар тарапынан көтерілетін болады.

Мұнан кейін Кеңес мүшелері №13 «Нұр бөбек – Тереңөзек», №6 «Ботагөз» санаториялық бөбекжай балабақшасында болды. Мұнда да балабақшаның ішін аралап, балаларға қаншалықты қолайлы жағдай жасалғанын бағамдады. Балабақша меңгерушілері атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Кеңес мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, олардың басым көпшілігі орындалатын болды.

Мониторинг жұмыстары №1 «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасында жалғасты. Мұнда 130 бала тәрбиеленіп жатыр екен. Балабақшаның меңгерушісі ойын алаңын жаңалау және ғимараттың кейбір тұстарын кеңейту қажет екенін айтты. Кеңес мүшелері тарапынан да ұсыныстар айтылды.

Мониторинг барысында Кеңес мүшелерінің назарына ұсынылған мәселелер алдағы уақытта Кеңестің кезекті отырыстарында көтерілетін, талқыланатын болады. Кеңес мүшелері алдағы уақытта да өз құзіреті шегінде мониторинг жұмыстарын ұйымдастыратын болады.
11 шілде 2023 ж. 241 0