ҚҰМҒА ШӨГІП КЕТПЕЙДІ ІЗГІЛІКТІҢ МҰРАСЫ
«Білім жолына түскен жан күнделікті күйбің тіршілікті ойламауы қажет» деген екен Әбу Насыр Әл-Фараби. Қашанда ағартушылық қасиет қонғаннан бастап, ілім іздеуге аса құштарлықпен кіріскен адам нағыз қайраткер жанға айналады. Өз қызметіне адалдығын халық баласына білім нәрін санасына құя отырып дәлелдейді. Табан аудармастан бір жерде еңбек ету, ыстығы мен суығына төзу, қиындықты еңсеру аса табандылықты қажет етеді.
Шәкірттерін қанат қақтырып, әр буынның мәртебелі бас ұстазы атану екінің қолынан келе бермес. Бойына адалдықтың нышанын жиған педагог атауы біліктілігін шыңдап, бекзат болмысын аңғартады. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ, тарих беттеріне алтын әріптермен ұлағатты ұстаз ғұмыры таңбаланады. Білім көкжиегінің қараңғылықты жарыққа айналдырар қасиеті тағы бар. Қашанда оқыған үстіне біле түсетін мәртебелі мамандық иегері қатарында біз білетін ерекше жанның есімі «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» Жұматай Қасымов.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары аудан орталығынан алыс жатқан Қызылқұмдағы ауылда тіршілік қамын күйттеген қарапайым халық тұрып жатты. Арманы кеудесіне сыймаған жас жігіт осындағы халық балаларын «оқытамын» деп мамандығы бойынша табан тірейді. Кенжелеп қалған білім саласына дем беріп, ағартушылық кәсібіне кірісу үшін басшылық пәрменіне құлақ асады. Әр жылдары шет тілі пәні мұғалімі атана жүріп, қоғамдық жұмыстың бел ортасынан табылады. Қазіргі Іңкәрдария ауылының төл баласына айналған қала жігітіне жұртшылық өз туғанындай қамқорлық жасайды. Сол кездегі елді басқарған азаматтар айқын жол көрсетіп, өз саласында барынша шынықтырады. Іргелі №186, 191 білім ордасында қайнаған педагогика ошағында пісіп жетіледі. Серпінді жаңалықтар енгізіп, балалардың бағдарлы білім алуына септігін тигізеді. Бір кезеңде қатардағы мұғалім білімділігімен, тыңдырымдылығымен көзге түсіп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалады. Жауапкершілікпен тапсырылған қызмет ауыртпалығын көтерген білікті педагог 1986 жылы мектеп директоры атанады. 16 жыл басшы болып, абырой биігінен көрінді. Үздік нәтиже, сапалы білім, тәжірибелі маман барлығын ұштастыра білген басшы тапқырлығы озық үлгідегі жаңа құрам жасақтау еді. Бұл үдеден шығу тұрғысынан қатаң талаптар керектігі ескерілді. Жаңа білім ордасының іргетасын қалап, аяқтан тұрғызуға тұтастай ұжымды біріктіріп, қанша күш жұмсалды. Жастардың қанаттанған алтын ұясы саналған мектеп қай кезеңде болмасын қарашаңырақ мәртебесіне лайық істерге қадам басты. Жұматай Байжанұлы 2002 жылы директорлық қызметті өзінің ізбасарларына тапсырып, зейнет жасына жеткенше педагогикалық қызмет саласына зор үлесін қосты. Соңғы уақытта Жұматай Байжанұлы келешек жастарға өнеге ретінде кітап жазуды қолға алған. Оның қазіргі таңда «Құт-береке қонған ел», «Ұрпағыма ұлағат», «Қызылқұмдағы білім ордасы» кітаптары оқырмандар арасында талқыға түсіп, өз бағасын алған.
Ендігі кезекте жақында жарыққа шыққан Жұматай Қасымовтың өзінің бар ғұмырымен байланысқан білім ордасы жайында «Қызылқұмдағы білім ордасы» деп аталатын кітабы туралы айтпақпыз. Авторлық кітапта елу жылға жуық тарихы бар №191 қазақ орта мектебінің өткені мен бүгіні суреттеледі. Көненің көзіндей сақталған мұрағаттағы жазбалар зерттеліп, халыққа түсінікті тілмен баяндалады. Бүгінгі күнге дейінгі білім ордасының тыныс-тіршілігі зерделеніп, есті естеліктер шоғыры кітапқа топтастырылады. Арнайы бөлімдер аясында топтасқан құнды деректер өскелең ұрпақ мұрасына айналары хақ. Бүгінде аталмыш білім ордасына келген жастар аталмыш кітап арқылы тәлім-тәрбие алады. Қызылқұмнан Іңкәрдарияға дейінгі аралықта ауыл тіршілігіне жан бітірген азаматтар міндетті түрде білім ордасымен тығыз қарым-қатынас орнатып, қоғамдық өмірге оқушыларды тартқан. Ауыл төңірегінде білім ордасына қатысты елеулі оқиғалар жинаққа еніп, жұртшылық назарына ұсынылған. Ескірген суреттер сан алуан сыр шертіп, өлілерді қайта тірілткендей. Бұрынғы құндылықтарды қағаз бетінде сөйлете отырып, жаңғыруға ықпал етеді.
Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы шеңберінде туындаған «Туған жер» кіші бағдарламасы негізінде жақында Жұматай Қасымовтың «Қызылқұмдағы білім ордасы» кітабының тұсаукесер рәсімі №191 қазақ орта мектебінің акт залында өткізілді. Оған аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Алмас Есназар, «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұлмекен Жаналиева, мектеп директорлары, сала мамандары, ауыл тұрғындары қатысты.
Шара барысында құрметті меймандар сөз алып, Қызылқұмдағы білім ордасының негізгі жүрегі атанған Жұматай Байжанұлының еңбегі мен мектеп қабырғасындағы айтулы оқиғаларға тоқталды. Шығармашылық жолдағы жаңалықтарға қуана қарап, шәкірттері мен замандастары ыстық лебізін жеткізді. Бастан өткерген қиындықтарға тоқталып, қуанышты күндерді тізбектеді. Буын-буынға бөлінген мектеп түлектері ұстаздар көрген шапағатын, тәлім-тәрбиесін бүгін оқушыларға естелік ретінде айтты. Мектеп ұжымынан құралған өнерпаздар әннен шашу шашып, би биледі.
Тағылымды кештің кейіпкері Жұматай Байжанұлы зайыбы Зейнеш апай екеуі ұлағатты ұстаздар. Бір жастықта ғана емес, сол кезеңде екі ғашықтың бастары білім саласында да қосылды. Ер азаматтың абыройлы болуына үйдегі жарының үлесі айтарлықтай. Балалары түрлі салада оның ішінде журналистикада шоқтығы биік жандарға айналып келеді. Автор өз сөзінде: – Буынымды қатайтқан ауылым мен үшін ыстық. Ғұмырымның көбі осында өткені менің туған жерге деген адалдығымның айғағы. Мамандығыма сүйіспеншілігімнің артқан дәлелі. Құмында балаларым аунап өскен ауылда сенім жүгін арқалап, жоғары дәрежеге жеттім. Ауыл тарихы жайында «Құт-береке қонған ел» кітабын жазсам азаматтық парызым. Ал, «Ұрпағыма ұлағат» атты кітабымды жарыққа шығармас бұрын баларым мен немерелеріме қалдырар ізгілік мұратымды жүзеге асыруды әкелік борышым санадым. Адалынан нан тапқызған еңбек еткен алтын ұям қай кезде де мен үшін қастерлі. Әр сыныпта, әр бұрышта басқан ізім қалғанмен мәңгілік мұрам ретінде өскелең ұрпаққа авторлық кітабымды қалдыруды жөн санадым. Қырық жылдан астам еткен еңбек еш кеткен жоқ. Артымнан ерген қаулаған жастар мен ұрпақтарым саналы білімге ұмтылып, біз салған сара жолды жалғастырса игі, – деді.
Көпшілік қатарында отырып автор сөзіне қаныққан менің алған әсерім ерекше. Кеш бітуге таяу сахнада:
Іңкәрдария,
Етейік атыңды әлемге жария.
Іңкәрдария,
Біздерге баталы, кемеңгер қария, – деп шырқаған жергілікті ақын, сазгер Шынар Ізбасқанова жүректерге жылылық сыйлаған сәті көпке ұмытылмас әсер берді. Жұматайдай бас ұстазы бар халық авторды көпке дейін ортадан жібермеді. Бәлкім, ардақты азаматқа деген құрметі болар.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
Пікір 1