Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Домбыра күні – ұлттың үні

Домбыра күні – ұлттың үні

Шілде айының бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. Аталған мерекеге орай, аудандық орталық стадионда арнайы іс-шара өтті.

Іс-шараға аудан әкімі Б.Сәрменбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы М.Еспенбетов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып қатысты.

Аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы шара аясында:

– Домбыра – Ұлттық аспабымыз, қазақтың жаны, рухы, тарихы, бүкіл бітім-болмысы деп айтуға болады. Бүгінде заманауи музыка өнеріне бейімделіп, дүние жүзінің сахнасында қазақ өнерін танытуға үлкен үлес қосуда. Өзіндік үні қайталанбас адам бойына рух беретін, ішкі жан дүниеңді нұрға бөлейтін домбыраның үніне жетер жер бетінде ешқандай аспап жоқ.

Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз.
Қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша аудан өнерпаздарына алғыс айтамын.

Домбыра мерекесі құтты болсын! – деп, сырдариялықтарды мерекемен құттықтады.

Мерекеде бірқатар ауданның мәдениет саласына елеулі үлес қосып жүрген азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік кеште аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, домбырашылар қазақтың күйлерінен папури орындады.

Кеш соңында «ҚР мәдениет саласының» үздігі төсбелгісінің иегері Сансызбай Сәдуақасовтың жетекшілігімен «Құрақтың Досжаны» атындағы халық ұлт-аспаптар оркестрінің өнер сүйер қауымға күйден тарту сыйлады.
02 шілде 2023 ж. 233 0