СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ
«1 шілде – Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай серпінді Сырдария ауданында іс-шара ұйымдастырылды.
Тереңөзек кентіндегі орталық саябақта өткен іс-шараға аудан тұрғындары мен қонақтары, дербес бөлім басшылары, ардагерлер, үкіметтік емес ұйым төрағалары мен мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев сөз сөйлеп, жиналғандарды аудан әкімінің атынан «Ұлттық домбыра күні» мерекесімен құттықтады.
– Өздеріңізге белгілі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен биыл бірінші рет «Ұлттық домбыра күні» мереке ретінде белгіленді. Аталған Жарлықта бұл күннің қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында аталып өтілетіні жазылған. Яғни, «Ұлттық домбыра күнін» атап өту арқылы біз «Мәңгілік ел» идеясы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттарын жүзеге асырамыз. Домбыра күнінің мереке ретінде белгіленуі жай¬дан-жай емес. Бұл «Рухани жаңғыру» бағытындағы жүйелі жұмыстың бірі болмақ. Осы күннің аясында Ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында тың бастамалар бой көтеріп, игі дүниелер қайта жаңғырады. Бүгін ұйымдастырылып жатқан іс-шара сол жұмыстардың бастауы болмақ. Баршаңызды тағы да «Ұлттық домбыра күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлтымыздың ұлттық аспабының мерей-мәртебесі арта берсін!,- деді аудан әкімінің орынбасары.
Іс-шара барысында аудандық Әуез мектебінің оқушылары күмбірлете күй шырқады. Домбырашылар оркестрі орталық саябақты әсем сазға бөлеп, жиналғандарға ерекше тебіреніс сыйлады.
Ұлтымыздың ұлттық аспабының мерей-мәртебесі артқан іс-шараға қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.