Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Мешітте құрбан шалу рәсімі жүргізілмейді

Мешітте құрбан шалу рәсімі жүргізілмейді

Биыл Құрбан айт мерекесі 31 шілдеге түсіп, 2 тамызға дейін жалғасады. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мешіттер уақытша жабық, яғни аурудың таралуының алдын алу мақсатында жамағат намазы оқылмайды, оның ішінде Айт намазы да бар. Сондай-ақ, мешіттерде құрбан шалу рәсімі жүргізілмейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚМДБ өкілі, Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов мәлімдеді.

«Өңірде құрбандық шалу орындары анықталды. Барлық қосымша ақпарат мешіттер жанындағы арнайы ақпараттық орталықтарда ұсынылады. Бұған қоса, "qurban2020.kz" сайты іске қосылды. Яғни құрбан шалушы да, ет алушы да онлайн тапсырыс бере алады. Тапсырыстарды әр өкілдік жанынан құрылған штаб жүзеге асырады. Құрбан шалушыға қажет болса, рәсім барысында түсірілген фото-видео есеп телефон нөміріне жолданатын болады. Ал етке мұқтаж жандарға сайтта көрсеткен мекен-жайы бойынша тегін жеткізіліп береді»,-деді Болатбек Ұласқанұлы.

25 шілде 2020 ж. 648 0