Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс жағажайы ашылды

Демалыс жағажайы ашылды

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі жаңа демалыс жағажайының ашылу рәсіміне қатысты. Жұртшылық асыға күткен іс-шараны тамашалауға жүз­деген адам жиналып, жаңа демалыс орнының өз жұмы­сын бастағанын тұрғындар қуанышпен қарсы алды.

Аудан әкімі жағажайға келіп суға түсіп, ойын ойнап, демалуды мақсат еткен тұрғындармен пікірлесті. Сонымен қатар жазғы демалысқа шыққан балалармен сөйлесіп, жағажайдың ашылуымен құттықтады.

– Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау – біздің басты мақсатымыз. Осы ретте жергілікті жұртшылықпен жүздесу барысында жаз мезгілінде демалыс жа­ғажайының керектігі айтылған болатын. Тиісті сала басшыларымен ақылдаса келе жағажай үшін орын белгілеп, тазарту жұмыстарын жүргізіп, қажетті құ­рал-жабдықтармен жабдықтап, жа­ға­­­жай ашуды жолға қойдық. Бүгін соның нәтижесін көріп отырмыз. Байқауымыз­ша, жағажай көпшілікке ұнаған секілді. Кәсіпкерлер де өз саудаларын жасап жатыр. Ендігі мақсат – қоғамдық қа­уіпсіздікті бақылауда ұстау. Бұл – бәріміз үшін ортақ жұмыс, – деді аудан әкімі.

Жағажайдың ашылуында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Н.Бақтияр демалыс аймағына арнайы тақтайша орнатылып, жадынамалар ілін­генін, сондай-ақ суға шомылудың қа­уіпсіздік ережелері жөнінде түсін­­дірме жұмыстары күнделікті жүргізіле­тінін айтты. Ал аудандық полиция бөлімінің өкілдері арнайы топ қоғам­дық қауіпсіздікті бақылауға алатынын жеткізді. Айта кету керек, жағажай ау­мағында денсаулық сақтау саласының мамандарына арналған орын да бел­гіленген. Сала мамандары қандай да бір төтенше жағдай бола қалса, ал­ғашқы медициналық көмек көрсетуге әзір. Мұнан бөлек құтқарушылар да жасақ­талған және арнайы құрал-жабдық­тар­мен қамтамасыз етілген.

Аудан әкімі жағажай аумағын толық аралап көріп, кент әкімдігіне жарық ба­ғаналарын орнату жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар демалыс орны халық көп жиналатын жайлы мекенге айналатынына сенім білдірді.

Сырдария ауданының
әкімдігі

17 маусым 2023 ж. 247 0