СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ДЕМАЛЫС ЖАҒАЖАЙЫ АШЫЛДЫ
Облыс әкімінің қолдауымен қабылданған жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы аясында бүгін аудан орталығындағы Қалғандария каналы маңынан демалыс жағажайы ашылды.
Аталған жағажайды ашуға жеке кәсіпкер, «Эко құрылыс Проджект» ЖШС басшысы Ғалымжан Қалдыбеков өз қаражаты есебінен 11 млн.теңге қаржы салып, 5 адамды жұмыспен қамтуда.
Аудан басшысы Ғ.Қазантаев Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған велошеру қорытындысында жағажай ашып, ел игілігі жолында қызмет етуді мақсат еткен серіктестік ұжымының жұмысына жеміс тіледі.
Соғыс және еңбек ардагері Яхия Тасыров жиналғандарға бата берді.
Өз кезегінде «Эко құрылыс Проджект» ЖШС басшысы Ғ.Қалдыбеков кәсіпкерлік саласын дамытуға ерекше қолдау білдірген жергілікті атқарушы билік өкілдеріне алғысын білдіріп, аудан тұрғындарын жағажайда демалуға шақырды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.