Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұрғындар өтініші басты назарда

Тұрғындар өтініші басты назарда

Кеше аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аудан әкімінің орынбасары Берік Сәрменбаев, кент әкімі Ержан Бахтияровпен бірге Тереңөзек кентіндегі О.Мәлібаев, Қ.Бөдеев көшелерін аралады.

Аталған көше тұрғындарының өтінішіне сәйкес, О.Мәлібаев елді мекенін аббаттандыру, көше бойындағы тағзым алаңын қайта жаңғырту, балаларға арналған ойын алаңы, демалыс орнын салу жобасы дайындалуда.

Ал, кенттегі ұзын көшелердің бірі, тұрғындар көп шоғырланған, әлеуметтік нысандар орналасқан Қ.Бөдеев көшесін жөндеу және аяқ су жеткізу үшін лоток орнату жоспарлануда.

Сонымен қатар, аталған елді мекеннің тұрғындарынан көтерілген жаңадан клуб пен балабақша құрылысы еді. Бұл мәселені шешу мақсатында жер телімдерін нақтылау бойынша ұсыныс енгізуді аудан әкімінің орынбасарына жүктеді.

Аудан басшысы өзекті мәселелердің барлығы тұрақты назарда болатынын атап өтіп, кент әкіміне әрбір тұрғынның өтінішін назарға алып жұмыс жасауды тапсырды.

04 қазан 2022 ж. 702 0