ДЕМАЛЫС ЖАҒАЖАЙЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА
Биыл аймақ басшысының қолдауымен облыста «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланған болатын. Осы орайда БАҚ өкілдері аудан бойынша кәсіпкерлік бағытында жүзеге асқан жобалармен танысты. Жалпы бүгінгі күнге дейін 2159 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны (1613) 115,9 пайызды құраған. Яғни бұл ауданда кәсіпкерлік 15,9 пайызға өскендігін көрсетіп отыр.
Жақында ашылған «Қалғандария –2» көліне барып, демалыс жағажайының тұрғындарға арналған тиімді қызметіне қаныққан тілшілерге «Эко құрылыс Проджект» ЖШС басшысы Ғ.Қалдыбеков бүгінде демалыс жағажайының тұрғындарға арналған басты қызметтеріне тоқталды. Әр күн сайын аудан тұрғындары демалыс орынына келіп, ақылы түрде демала алады. Бар жағдай жасалған. Сонымен қатар балық шаруашылығын дамыту үшін бірқатар жобалар іске аспақ.
Пікір 1