Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 38 газет

14 мамыр 2024 ж.

№ 37 газет

11 мамыр 2024 ж.

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жаңа қызметіне сәттілік тіледі

Жаңа қызметіне сәттілік тіледі

Кадрлық өзгерістерге байланысты аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығы­мен актив жиыны өткізілді. Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, кент және ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары, ардагерлер қатысты.

Мәжілісте аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келген Айекешов Жігер Оңдасынұлы мен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келген Кушмурзаев Абзал Еркінұлын жаңа қызметке ауысып жатқанын айтты. Соған орай аудан активтерінің атынан алғыс айтып, жаңа қызметтеріне сәттілік тіледі.

– Мемлекеттік қызметші болу – зор абырой әрі жауапкершілік жүгін арқалау. Осы екі міндетті бір арнаға тоғыстырып, өзінің білімі мен тәжірибесін елдің дамуына арнау – барлық мемлекеттік қызметшінің бас­ты міндеті. Осы орайда аудандағы қос бөлімнің басшысы басқа қызметке ауысып жатыр. Аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келген Жігер Айекешов облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалса, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Абзал Кушмурзаев басқарманың бас маманы қызметіне кірісуде. Екі азаматқа да Сырдария ауданында еңбек ету абырой мен мол тәжірибе алып келді. Алдағы уақытта жинаған білімі мен тәжірибелерін облыстың дамуына арнайды деп сенемін. Қызметтеріне сәттілік пен абырой тілеймін, – деді аудан әкімі.

Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев сөз сөйлеп, ардагерлер қауымының атынан тілектестігін білдірді. Облыс орталығына қызмет ауыстырып жат­қан азаматтарға Сырдария ауданы бөтен емес екенін айтып, ауданның дамуына жаңа қызметте еңбек ете жүріп те белсенді түрде атсалысатындықтарын жеткізді.

Өз кезегінде Ж.Айекешов пен А.Кушмурзаев қолдау білдірген аудан халқына, бірлесе жұмыс істеген әріптестеріне алғысын айтып, шынайы ризашылығын білдірді.

Сырдария ауданының әкімдігі
13 маусым 2023 ж. 230 0