Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет басшысы ауыл балаларына Астанаға саяхат ұйымдастыруды жүктеді

Үкімет басшысы ауыл балаларына Астанаға саяхат ұйымдастыруды жүктеді

 Жазғы демалыс кезінде шалғай ауылдардағы балалардың Астанаға саяхаты ұйымдастырылады. Үкімет отырысында Әлихан Смайылов облыс әкімдеріне осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жазғы демалысты ұйымдастырудың әлеуметтік маңызын ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктер балаларға арналған іс-шаралардың мазмұны мен сапасына ерекше көңіл аударуы керек.
Мәдениет министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, ішкі туризмді дамыту шеңберінде экскурсиялық-танымдық іс-шараларды ұйымдастырып, балалардың табиғат аясына саяхаттарын арттыруы тиіс», - деді Үкімет башысы.

Жазғы демалыс кезінде оқушылардың мәдени ошақтарға баруын ұйымдастыру қажеттігі де айтылды.

«Өңір әкімдері каникул кезінде оқушылардың музейлерге, театрларға, қорықтарға, ұлттық парктер мен спорт нысандарына тегін баруын қамтамасыз етуі қажет. Шалғай елді мекендерде тұратын балалар үшін мәдени-тарихи жерлерге, Астанаға саяхатты ұйымдастыру керек», - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ бүгін Үкімет отырысында жазғы демалыс кезінде ауыл балаларына дұрыс көңіл бөлінбейтіні айтылып, жазда денсаулықтарына скрининг жасау тапсырылды. Бұдан бөлек, бос уақыттарын тиімді өткізуге ерекше көңіл бөлу 
жүктелді.
25 мамыр 2023 ж. 241 0