Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы күні мерекесіне арналған брифинг өтті

Отбасы күні мерекесіне арналған брифинг өтті

Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Д. Байдушевтің аудан көлеміндегі БАҚ өкілдеріне арналған отбасы күні мерекесін өткізу, отбасы құндылығын насихаттау, аудан көлеміндегі әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ақпарат алмасу мақсатында арнайы брифинг өткізілді.

Сырдария ауданы бойынша халық саны 37821 адамды құрады. Аудандағы 38 мыңға жуық халықтың 48 пайызын әйел-аналар, қыз-келіншектер құрайды. Олардың басым көпшілігі білім, денсаулық, мәдениет салаларында қызмет атқарады.

«Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің жанынан құрылған «Жас отау» клубы және «Әжелер мектебі», аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан "Еркежан" қыздар клубы жұмыс жасайды. Отбасы құндылықтарына, ана мен бала мәселелеріне байланысты бұл ұйымдардың жұмыстарының айтарлықтай маңызы бар.

Аудандық қоғамдық даму бөлімімен жыл сайын «Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы жүргізілуде.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өткізілу мақсаты- өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Аудан деңгейінде 2014 жылдан бастап тұрақты өткізіліп келеді. 2014-2022 жылдар аралығында аудан көлемінде 100 жуық отбасылардан өтінім келіп түсті. Бұл мерейлі шараға қатысуға ниет білдірушілер жылдан жылға артып келе жатқаны қуантады. Бұл отбасылардың барлығы да ұрпағына ұлағат дәнін сеуіп, ынтымағы жарасқан әулеттер. Биылғы жылға ұлттық конкурстың құжаттарын қабылдау 15 мамырдан бастау алғанын хабарлап өткен жөн. Ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін құжаттар қабылау жүргізілетін болады.
15 мамыр 2023 ж. 356 0