Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Әжелер мектебінде этнос өкілдері қонақта

Әжелер мектебінде этнос өкілдері қонақта

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Достық» үйінде «Әжелер мектебінде - этнос өкілдері қонақта» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты: аудандағы түрлі ұлт өкілдерінің бір - біріне деген сый - құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Құрметті қонақ болып келген түрлі этнос өкілдерінің ауданымызға, өз отбасыларына сіңірген еңбектері жайлы айтып таныстыру.

Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері А.Оразымбетова, аудандық «Әжелер» мектебінің мүшелері мен этнос өкілдері қатысты.

Іс-шара соңында туған күн иесі, әжелер мектебінің мүшесі, ардагер-ұстаз Көшербаева Жұмакүлді құттықтап, сый-сияпат көрсетілді.

«Сырдария ауданының әйелдері» ҚБ төрайымы Ұлмекен Шанайқызы шараны қорытындылап, ескерткіш суретке түсті.
15 мамыр 2022 ж. 695 0