Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан бюджетіне өзгерістер енгізілді

Аудан бюджетіне өзгерістер енгізілді

Сырдария аудандық мәслихатының кезекті ІІІ сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов төрағалық етіп, депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауыл әкімдері, тиісті бөлім, мекеме ­басшылары қатысты.

Сессияның күн тәртібінде негізгі 16 мәсе­ле қаралды. Мәселелер алдын ала депутат Д.Ералиевтің төрағалығымен өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында тал­қыланып, депутаттардың ұсыныс-пікірі еске­ріле отырып сессия қарауына ұсынылды.

Бірінші мәселе 2022 жылға арналған ау­дандық бюджеттің атқарылуы туралы жыл­дық есепке арналды. Бұл бойынша ау­дан­дық экономика және қаржы бөлімінің бас­шысы Е.Ахетов баяндама жасады. Мұнан соң об­лыстық тексеру комиссиясының мү­шесі М.Сатлабаев аудандық, кент және ауыл­дық округ бюджеттерінің атқарылуы ту­ралы баяндады. Шешім жобасына аудан­ әкім­дігіне аудандық бюджеттің орындалу тиім­ділігін және сапасын қамтамасыз ету мен қаржылық тәртіпті сақтау бойынша қа­жетті шаралар қабылдау енгізілді. Сондай-ақ ныса­налы трансферттерді уақытылы және толық игеруді, мемлекеттік және салалық бағдар­ламаларда көрсетілген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді қатаң назарға алу ұсынылды. Аудандық мәслихат депутаты М.Бисенов Іңкәрдария, Ақжарма ауылдарына бөлінген қаржылар туралы сұрақ қойып, жауап алды.

Екінші мәселе бойынша аудандық білім бө­лімінің жұмысы сараланып, бөлім басшысы Б.Жәнібековтің есебі тыңдалды. Бөлім басшысы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудан бастап, орта білім беру ұйымдарының ма­териалдық техникалық жағдайы, оқушы­лар­­­­дың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі, ұстаздар мен оқушылардың жетістігі жөнінде кең көлем­ді баяндама жасады. Сондай-ақ соңғы уақыт­тары оқушылар арасында белең алған құқық бұзушылықтарды болдырмау бағытында ат­қа­рылып жатқан жұмыстарды айтты.

– 2023 жылға ауданның білім беру саласына 13,1 млрд теңге қаржы бөлінуде. Бұл был­тырғы жылмен салыстырғанда 24 па­йыз­ға артық. Жоспарға сәйкес, биыл Бесарық елді мекенінде 60 орындық жеке балабақша ашылады деп күтілуде. Ал келер жылы Аман­келді ауылынан 100 орындық, 2025 жылы Қоғалыкөл, Іңкәрдария ауылдарынан 120 орындық жеке балабақшалар ашу жос­парда бар.

Былтыр бюджеттен 15,9 млн теңге бөлініп, 13 балабақшаға бей­не­бақылау камералары орнатылды. Сондай-ақ 21 млн теңгеге 7 бала­бақ­шаға инклюзивтік кабинеттер сатып алынды. Бүгінгі күні мектептер­де 1309 мұғалім жұмыс істеуде. Олардың 1251-і жоғары, 58-і арнаулы білімді мамандар. Педагогтардың 207-сі педагог зерттеуші, 490-ы педагог сарапшы, 300-і педагог модератор біліктілігін алған. Ауданда апатты жағдайдағы және үш ауысымда жұмыс істейтін мектептер жоқ. Алайда кент орталығындағы №210 Оспан Әбілпаттаев атындағы мектептің тех­никалық жағдайы сын көтермейді. Бұл мәселе «Жайлы мектеп» жоба­сы аясында салынатын құрылыс есе­бінен шешіледі деп күтілуде. Яғни, 2024 жылы 300 орындық бір мектеп пай­далануға беріледі, – деді аудандық бі­лім бөлімінің басшысы Б.Жәнібеков.

Бұл мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаттары Е.Жақып пен А.Ибрагимұлы сөз сөйлеп, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен мұ­ға­лім­дер­дің біліктілігі бойынша өз ұсы­ныста­рын айтты. Негізі, аудандағы 6 мектеп күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Соған сәйкес, жоба-сме­талық құжаттар дайындауға бюд­жет­тік өтінім әзірленіп, облыстық білім басқармасына ұсынылған.

Сессияның күн тәртібіндегі келесі мәселе 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюд­жет туралы аудандық мәслихаттың шеші­міне өзгерістер ен­гізуге арналып, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Ахетов түсініктеме жасады. Бөлім бас­шысы депутаттардың ұсы­нысымен және бюджет әкім­шіле­рінің өтінімімен 2023 жылға арнал­ған аудандық бюджет шығындары 10610802,6 мың теңге көлемінде жос­парланғанын жеткізді. Оның ішінде, бұған дейін көтерілген мәселелер де бар. Атап айтқанда, Те­реңөзек кен­тін­дегі «Майжарма» каналын абат­тандыруға 91320,5 мың теңге, «Әйтек» каналындағы жаяу жүргіншілер көпірі құрылысына жер ка­дастрлық жоспар әзірлеуге 216,9 мың теңге, кенттегі шағын ауданның инфрақұрылымы (газбен жабдықтау) жобаларын мем­лекеттік сараптамадан өткізуге 950,1 мың теңге бөлінді. Сонымен қа­тар Қал­жан ахун сағанасының төбе­сін шатырлауға 5700,0 мың теңге, Те­реңөзек кенті мен Жетікөл ауылы­ның шекарасын бекітуге 3200,0 мың теңге бағытталды. Н.Ілиясов ауылын­дағы бірқатар көшеге жол таңба­ларын сыздыртуға 194,0 мың теңге, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға 480 000 мың теңге, С.Сейфуллин және А.Тоқмағамбетов елді мекендерінің газ құбырларының жұмыстарын бастауға 40000,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Төртінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев хабарлама жасап, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағымен мара­пат­талуға ұсынылған азаматтарды таныстырды. Депутаттардың ұсыныс-пікірі ескеріле отырып, жеті азаматқа «Құрметті азамат» атағын беру бо­йынша шешім қабылданды. Олардың қатарында қолөнер шебері Роза Әл­батырова, меценат Рәзия Қалжанова, атақты сауыншы Сәуле Өмірзақова, ауыл шаруашылығы саласының майталманы Марат Сақтапов, құқық қор­ғау органының ардагері Сәбит Әл­жанов, ақын, жазушы Қаршыға Есім­сейітова, білім саласының ардагері Асылхан Дүйсебеков бар.

Сессия қарауына ұсынылған ке­ле­сі мәселелер ауылдарға жұмыс іс­теуге және тұруға келген мамандар мен мем­лекеттік қызметшілерге әлеуметтік көмек көрсету шараларына және ау­дандық мәслихаттың 2017 жылғы №163, 2020 жылғы №430, 2021 жылғы №108, 2022 жылғы №186 шешіміне өзгерістер енгізуге арналды. Сондай-ақ аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның, жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес­тің құрамына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы тиісті бөлім, мекеме басшылары баяндама жасап, шешім жобалары қабылданды.

Сессияда аудандық қоғамдық ке­ңес­тің хатшысы Ж.Әбубәкіров хабар­лама жасады.

– «Қоғамдық кеңестер туралы» Қа­­зақстан Республикасының Заңына сәйкес, Сырдария аудандық Қоғамдық кеңес құрамы 2022 жылғы 9 наурызда­ғы №124 шешімімен бекітілген болатын. Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылғы 20 желтоқсандағы Сырдария аудан­дық мәслихатының 24 сессиясының шешімен Сырдария аудандық Қо­ғам­дық кеңес құрамынан Есенов Расул Әбутәліпұлының қайтыс болуына байланысты шығарылды. Осыған сәйкес, Қоғамдық кеңес құрамындағы бос тұрған бір орынға, конкурс жария­лау туралы хабарландыру мекеменің интернет ресурсында жарияланды. Хабарландыруға сәйкес, өзін-өзі ұсы­ну арқылы бір ұсыныс келіп түсті. Басқа ұсыныстар болмағандықтан Сү­лей­менов Қайрат Әбілқасымұлының канди­да­турасын Сырдария аудандық Қо­ғам­дық кеңес құрамына енгізіп, бе­кі­тіп беруілеріңізді сұраймыз, – деді Жандос Ерсұлтанұлы.

Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдап, шешім бекітілді. Кезекті сес­сияның күн тәртібінде сондай-ақ ау­дандық мәслихаттың «Б» корпусы мем­­лекеттік әкімшілік қызметшілері­нің қызметін бағалаудың әдістемесі бе­кітіліп, аудандық мәслихаттың рег­ламентін бекіту туралы 2022 жылғы №129 шешімге өзгерістер енгізілді.

Осылайша, күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, шешім жобалары бекітілгеннен кейін аудандық мәс­лихат төрағасы Е.Әжікенов сессияны қорытындылап, депутаттарды, кент жә­не ауыл әкімдерін, бөлім, мекеме басшыларын ауданды дамыту үшін аудан әкімінің жанына топтасып, лайық­ты үлес қосуға шақырды.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
03 мамыр 2023 ж. 203 0