Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық кеңес: үйлесімді жұмыс, нәтижелі іс

Қоғамдық кеңес: үйлесімді жұмыс, нәтижелі іс

Сырдария аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы ­Марат Ес­пен­бетовтің төрағалығымен Қоғамдық кеңес­тің кезекті отырысы өткізілді. Қоғамдық кеңес отыры­сының күн тәртібінде негізгі бес мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев кеңес мүшелеріне есеп берді. Аудан басшысы өз есебінде ауданды дамыту бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады. Оның ішінде әр салаға жеке-жеке тоқталып, елді ме­кендерде атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама жасады.

– Баршаңызға мәлім, 2022 жыл Сырдария ауданы үшін бір­лік пен берекеге толы табысты жыл болды. Ауданымызда барлық маңызды сала бойынша дамудың оң динамикасына қол жеткізіліп, әлеуметтік-экономикалық дамуы жолын­да көптеген нәтижелі жұмыстар атқарылды. 2022 жылға арнал­ған аудандық бюджет 13,1 млрд теңгені құрады. Жыл қорытын­ды­сымен облыс бойынша барлық көрсеткіш бойынша Сырдария ауданы алдыңғы қатардан көрінді. Аудан экономикасына тікелей ықпал ететін өнеркәсіп саласында оң динамика қалыптасты, – деді аудан әкімі.

Екінші мәселе бойынша Сырдария аудандық мәслихатының төрағасы Ержан Әжікеновтің есебі тыңдалды. Мәслихат төр­ағасы аудандық мәслихатының және мәслихат депутатта­ры­ның атқарған жұмыстарын баяндады.

– Өздеріңіз білетіндей, мәслихаттың негізгі жұмыс нысаны сессия болып табылады. Сессиялардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі туралы айтар болсам, былтыр Сырдария аудандық мәслихатының барлығы 12 сессиясы өткізілді. Оның 4-і ке­зекті, 8-і заңдылыққа және аудан әкімінің ұсынысына сәйкес шақырылған кезектен тыс сессиялар болды. Сессияларға ау­дандық мәслихат депутаттарымен қатар аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, меншік нысанына қарамастан барлық мекеме, бөлім басшылары, кент және ауыл әкімдері қатысты. Ал аталған сессияларда 64 шешім қабылданып, 26 шешім жал­пыға бірдей маңызы бар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болғандықтан Әділет органдары­нан тіркеуден өтіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жария­­ланды. Сессиялар барысында 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджетке 6 рет өзгерістер мен толықтырулар, 4-ші деңгейдегі бюджетке 4 рет өзгерістер енгізілді. Аудандық мәс­лихат депутаттары тарапынан құзырлы органдарға 7 депу­тат­тық сауал жолданды. Депутаттық сауалдардың бірде-бірі назардан тыс қалған жоқ. Сайлаушылардың талап-тілектерін ескере отырып, аудандық мәслихат депутаттары тарапынан жергілікті атқарушы органдар назарына берілген ұсыныстардың облыс, аудан әкімдігінің қолдауымен басым бөлігі шешімін тапты, – де­ді мәслихат төрағасы.

Үшінші мәселеде Сырдария аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Маратбек Еспенбетовтің есебі тыңдалды. Кеңес төрағасы Қоғамдық кеңестің басты міндеті халық пен билік арасына дә­некер болу, аудандағы өзекті мәселелердің шешілуіне атса­лысу, сондай-ақ азаматтардың ұсыныс-пікірлерін, талап-тілек­терін тыңдау болып табылатын айтты.

– Сырдария аудандық Қоғамдық кеңесі Қазақстан Респуб­ликасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес жұ­мыс жүргізеді. Аталған заң талаптарына сай 2022 жылғы 9 наурыздағы Сырдария аудандық мәслихатының №124 шеші­мімен Қоғамдық кеңестің құрамы бекітілген. Оған өзде­ріңіз құжат тапсырып, мүше болып сайландыңыздар. Осы ретте Сіздерге қоғам белсендісі болып, ашық азаматтық ұс­та­нымдарыңызды ортаға салып, ауданымызды дамытуға ынталы болғандарыңыз үшін алғысымды айтамын. Бүгінде Сырдария аудандық қоғамдық кеңесінің 14 мүшесі бар және маңызды салалар бойынша үш комитет құрылып, жұмыс жасауда. Қо­ғамдық кеңес құрамы мен жұмыс жоспары бекітілген күннен бастап бүгінгі күнге дейін 19 отырысы өткізіліп, 68 мәселе талқыланған. Байқағандарыңыздай, біз бір айда бірнеше рет кездесіп, бас қосып, ортақ мәселелерді жан-жақты кеңінен талқылағанбыз, – деді Кеңес төрағасы.

Мұнан кейін ауданның бюджеті мен даму жоспарындағы индикаторлардың орындалуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Ахетов хабарлама жасады. Бөлім басшысы бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы толыққанды ақпарат берді. Бұл бойынша Қоғамдық кеңес мүшесі Ақтөре Ибрагимұлы сөз сөйлеп, баяндамада барлық сала қамтылғанын, сондықтан алдағы сессияда депутаттар тарапынан қолдау болатынын айтып өтті.

Қоғамдық кеңес отырысының қорытындысында Кеңес мү­шелерінің атынан аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Мұса Келдібаев сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарды жоғары баға­лап, сәттілік тіледі.

Айтылған ұсыныс-пікірлерді хаттамалап, тиісті ұсыныстар енгізу, жұмысты үйлестіру Сырдария аудандық Қоғамдық кеңе­сінің хатшысы Жандос Әбубəкіровке жүктелді.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
29 сәуір 2023 ж. 250 0