Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңызды мәселелер талқыланды

Маңызды мәселелер талқыланды

Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетовтің төрағалығымен кеңес отырысы өтіп, күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселе қаралды. Кеңес төрағасы ең алдымен Мемлекет басшысының Жолдауынан туындаған мақ­сат-міндеттерге тоқталып, саяси маңызы бар құ­жаттың басым бағыттары туралы айтып өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраевтың есебі тыңдалды. Құқық органының басшысы есепті мерзімде атқарылған жұмыстар мен қылмыстың алдын алу бағытында жоспарланған жұмыстардың қорытындысын баяндады.

Мұнан кейін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы қаулының жобасы талқыланды. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Мұратбек Жәмиев кеңес мүшелеріне қаулы мен мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар туралы түсіндірді. Кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, жауап берілді.

Ал күн тәртібіндегі үшінші мәселе әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекітуге арналды. Бұл бойынша аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №430 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы шешім жобасы туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Мақсұт Қаратаев баяндама жасады. Бөлім басшысы сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша аудандық мәслихатының шешім жобасына бірқатар өзгерістер енгізілетінін айтты.

Сонымен қатар аудандық мәслихаттың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы қабылданған шешімнің күшін жою жөнінде аудандық мәслихаттың бас маманы Айбек Сәдуақасов хабарлама жасап, кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Қоғамдық кеңес отырысын қорытындыланған Марат Еспенбетов ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуының басым бағыттары туралы пікірін ортаға салып, кеңес мүшелерін ауданның өркендеуі мен тұрғындар игілігі үшін бірлесе еңбек етуге шақырды. Сондай-ақ кеңес мүшелері М.Келдібаев, Ш.Нұрсейітов, С.Сәдуақасов, А.Есназар алдағы жұмыс жоспарына байланысты бірқатар ұсыныс айтып, қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
10 қыркүйек 2022 ж. 495 0