Есепті кезеңде атқарылған жұмыс ауқымды

Сонымен қатар, санитарлық талаптарға сай өткізілген қоғамдық кеңес отырысында аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов аудандық мәслихатта жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып өтті. Аудандық мәслихат хатшысы халық қалаулыларының соңғы бесжылдықтағы ел үшін жасаған жұмыстарын саралап, алдағы міндеттерді атап көрсетті.
Жиында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров есепті кезеңде атқарылған жұмыстардың есебін беріп, қоғамдық кеңесте қозғалған және шешімін тапқан мәселелер жөнінде баяндады.
Қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкімі, аудандық мәслихат хатшысы және аудандық қоғамдық кеңес төрағасының есептері негізінде өткен жылы атқарылған жұмыстарға оң бағаларын берді.
Ердос БЕРКІНБАЕВ